Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тамыз айында «Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы «AMANAT» партиясының «Кедергісіз Келешек» жобасы аясында өткен Партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысында айтылды.
Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мен Мәслихат депутаттары «Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалындағы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қызметтер сапасына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында вокзалдағы арнайы демалыс бөлмелері мен дәретханалардың тозығы жеткені анықталды. Мүгедектер арбасына арналған жол мен арнайы сатылар, демалыс бөлмелері мен әжетханалар күрделі жөндеу мен заманауй жабдықтауды қажет ететіндігін көрсетті.
«Біздің мақсатымыз сіздерге келіп ұжым жұмысын сынға алу емес, біздің мақсат – тұрғындар көтерген мәселелердің оң шешімін табу. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсарту үшін мониторинг жұмыстарын ұдайы жүргізіп тұрамыз», – деді «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек.
«Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалы 1961 жылдан бері қолданыста. Мұнда соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары 20 жыл бұрын жүргізілген. Вокзал басшылығы мен «ҚТЖ» АҚ-ның мәліметіне сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айына жоспарланған.
Құрылыс жұмыстарының нәтижесінде вокзал толықтай заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілмек.
Айта кетейік, «Нұр-Сұлтан-1» теміржол вокзалында мүгедектігі бар адамдар үшін 2 жеделсаты, қызметкерлерді шақыру тетіктері, арнайы демалыс бөлмесі мен дәретханасы, пиктограммалар мен индукциялық штаттық режимде жұмыс істеп тұр.