Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада 15 жылдан бері үй кезегін күткен ана сотта жеңіске жетті
Жаңалықтар

Астанада 15 жылдан бері үй кезегін күткен ана сотта жеңіске жетті

28.08.2025
мин
0
452

Астанада көпбалалы ана мен тұрғын үй инспекциясы басқармасы арасындағы сот дауы аяқталды. Әкімшілік істер жөніндегі кассациялық алқа оны тұрғын үй алу кезегінен шығару заңсыз деп таныды, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Жоғарғы сотқа сілтеме жасап.

Жеті баласын тәрбиелеп отырған, "Алтын алқа" төсбелгісімен марапатталған әйел 2009 жылдан бері баспана кезегінде тұрған. Ол көпбалалы ана және мемлекеттік қызметші ретінде пәтер алуға құқылы болатын. Алайда тұрғын үй инспекциясы оны кезектен алып тастаған. Себеп ретінде күйеуі мен туысының атына тіркелген бұрынғы жылжымайтын мүлік көрсетілген. Даулы сәтте ол мүлік әлдеқашан сатылған еді.

Бірінші және апелляциялық соттар тұрғын үй инспекциясының әрекетін заңсыз деп танып, әйелді кезекке қайта қоюды міндеттеді. Кассациялық сот бұл шешімдерді қолдады. Сот актілерінде "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңға сәйкес, "Алтын алқа" иегері көпбалалы аналар баспанаға мұқтаж деп танылып, есепке қойылған болса пәтер алғанға дейін кезектен шығарылмауы тиіс екені атап өтілген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл