| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада 6 жастағы баланың үйден ас үй пышағын алып шығып, көшеге шыққаны белгілі болды. Абырой болғанда, оқиға зардапсыз аяқталған, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Астанада кішкентай баланың қауіпсіздік ережелерін сақтамай, үйден пышақ алып шығуына байланысты оқиға тіркелді. Белгілі болғандай, анасы өз шаруаларымен айналысып жүрген сәтте 6 жастағы бала ас үйдегі пышақты алып, сыртқа шығып кеткен.
Оқиға барысында ешкім зардап шеккен жоқ.
Тексеру нәтижесінде баланың анасына қатысты әкімшілік іс қозғалып, материалдар Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.