Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада 3 қаңтардан бастап Азаматтарды қабылдау орталығы жұмысын бастады, ол барлық құрылымдық бөлімшелердің өкілдерін бір жерге біріктірді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Азаматтарды қабылдау орталығы халықпен жұмыс жөніндегі жергілікті атқарушы органның бірыңғай фронт-желісі болуға арналған.
Орталық базасында келушілер ыңғайлы жағдайда мемлекеттік органға өтініш бере алады, сондай-ақ әкімдік ведомстволары өкілдерінің кеңесін, мемлекеттік қызмет ала алады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына жеке қабылдауға жазыла алады.
Жеке қабылдаулар бекітілген кестеге және жұмыс регламентіне сәйкес орталық алаңда өтетін болады, мұнда консультациялар мен өтініштер қабылданады.
Орталықтың міндеті жергілікті атқарушы органның аумақтық бөлімшелермен және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-мен бірлесіп Халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру, сондай-ақ әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
Орталықта азаматтар үшін қолайлы орта құрылды, астаналықтардың мәселелерін шешу үшін оларды қабылдау процестері оңтайландырылды.
Орталық Бейбітшілік, 14 мекенжайы бойынша дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14-00-ге дейін жұмыс істейді.
Сұрақтарды Call-орталыққа 8 (7172) 725151 нөмірі бойынша қоңырау шалу арқылы қоюға болады.
Орталыққа мынадай қоғамдық көлік бағыттары арқылы жетуге болады: № 64,10, 58, 53, 73, 5а, 40, 33, 71, 20, 23.