Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада Джей Ло концерті кезінде тәртіп бұзған әйел полицейдің жары болып шықты
Жаңалықтар

Астанада Джей Ло концерті кезінде тәртіп бұзған әйел полицейдің жары болып шықты

04.08.2025
1 мин
0
123
Сурет: t.me/kozachkow

Астанада өткен Дженнифер Лопестің концертінде тәртіп бұзу фактісі тіркелді. Кейін белгілі болғандай, бұл жағдайға полиция қызметкерінің жұбайы қатысты, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұған дейін Kozachkov offside Telegram-арнасы концерт кезінде бірнеше әйелдің арасында жанжал туындағаны туралы жазған болатын.

- Ең белсенді "ММА жауынгерін" стадионнан алып шықты. Кей деректерге сүйенсек, ол — Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасарының жұбайы, — делінген жазбада.

Аталған ақпаратқа қатысты бүгін Астана қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

- Концерт кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған әйелге қатысты оқиға орын алды. Жанжалдың өршуіне жол бермеу мақсатында ол полиция қызметкерлерімен оқиға орнынан шығарылды. Тексеру нәтижесінде аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, бұл азаматшаның полиция қызметкерімен некеде тұрғанын хабарлаймыз. Алайда бұл жайт оның әрекетіне құқықтық баға беруге әсер етпейді. Әр азамат қоғамдағы мінез-құлқы үшін жеке жауапкершілік арқалайды. Барлық адам заң алдында тең. Ішкі істер органдары қызметкерінің отбасында болу ешқандай артықшылық бермейді. Тергеу барысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, — деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл