Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада рекорд орнатылды: елорда тұрғындарына 30 тоннадан астам қымыз таратылды
Жаңалықтар

Астанада рекорд орнатылды: елорда тұрғындарына 30 тоннадан астам қымыз таратылды

19.07.2025
1 мин
0
222

Астанада қазақ халқының ұлттық сусыны – қымызға арналған ел тарихындағы алғашқы ауқымды фестиваль –"BaiQymyz" шарасы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бүгін, яғни шараның алғашқы күні елордада жаңа рекорд тіркелді – еліміздің барлық өңірінен қатысушылар 30 тоннадан астам қымыз алып келген. Мұндай көлемдегі шара Қазақстанда бұрын-соңды ұйымдастырылмаған.

"BaiQymyz" фестиваліне республика бойынша 50-ден астам қымыз өндіруші қатысуда. Әрқайсысы 500 литрден астам қымыз алып келіп, келген қонақтарды сусынмен тегін қонақ етіп, өздерінің қымыз ашытудағы бірегей әдіс-тәсілдерін таныстырып жатыр.

Айта кетейік, фестиваль 19-20 шілде күндері Астанадағы "Қазанат" атшабарында өтуде. Қымыздан дәм татудан бөлек, келушілер ұлттық тағамдардың түр-түрінен ауыз тиіп, фольклорлық өнерпаздардың өнерін тамашалап, қолөнер жәрмеңкесін аралап, концерттер мен жылқы көрмесін де көре алады.

"BaiQymyz" жобасы – қымыз ішу мәдениетін қайта жаңғыртуға, фермерлікті дамытуға және жергілікті брендтерді ілгерілетуге бағытталған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл