Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада тағы 12 мектеп ашылады
Жаңалықтар

Астанада тағы 12 мектеп ашылады

22.12.2025
мин
0
108

Елордада әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында мектептер, балабақшалар, Оқушылар сарайы, медициналық мекемелер, спорттық нысандар және өзге де әлеуметтік нысандар бар. Мәселен, биыл елордада тағы 9 мектеп пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша рекордты көлемде мектеп салынып, пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 66 мың оқушыға арналған 24 оқу орны ашылды. Осы 24 мектептің 16-сы Мемлекет басшысының «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынды. Жаңа оқу жылының басынан бері тағы 9 мектеп өз жұмысын бастады. Ал келесі жылы тағы 12 мектептің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар елордада мемлекеттік балабақшалардың құрылысы қайта жанданды. Биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 4 балабақшаны пайдалануға беру көзделіп отыр. Ал келесі жылы тағы 5 балабақша ашу жоспарланған, олардың қатарында жекеменшік балабақшалар да бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қосымша білім беру нысандары да салынып жатыр. Мәселен, Мұхамедханов көшесінде орналасқан TANYM жаңа Оқушылар сарайы ашылуға дайын. Сол сияқты келесі жылы тағы екі TANYM Art Оқушылар сарайы (Ақан сері көшесі мен С189 көшесінде) және TANYM Sport Оқушылар сарайы (М.Төлебаев көшесінде) ашылады.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл