Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанадан Ақтауға бағыт алған ұшақ елорда әуежайына қайта қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
FlyArystan әуе компаниясының Астана – Ақтау бағыты бойынша ұшып шыққан ұшағы жолаушының рюкзагы өртенуіне байланысты әуежайға қайта оралды.
– Бүгін, 2025 жылғы 23 ақпанда Астана-Ақтау бағытындағы FS 7375 рейсін орындау барысында әуе кемесінің жоғарғы жүк сөресінде жолаушының сөмкесінен өрт шықты. Өртті әуекомпанияның бортсеріктері жедел сөндірді. Бортта 182 жолаушы болды. Әуе кемесі ұшу пунктіне оралып, қону штаттық режимде жүзеге асырылды, - делінген FlyArystan әуекомпаниясы таратқан хабарламада.
Компания өкілдері оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетінін айтты.
Ал рейс Астана уақыты бойынша 17:10-ға ауыстырылған.