Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Атырауда зорлық көрген қыз көмекке жүгінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Өзін Мөлдір Амандық деп таныстырған қыздың видеосы әлеуметтік желілерде таралуда. Оның айтуынша, күйеуі оған қысым көрсетіп, қорқытып, еркінен тыс мәлімдеме жасатқызған және телефонын сындырып тастаған.
- Сол жазбадан кейін күйеуімнің әкесі мен органда жұмыс істейтін қайын ағам келіп, мені алып кетті. Олардың айтқанын ғана орындауға мәжбүр болдым, өз еркіммен ешнәрсе істемедім. Комиссия келіп тексерген кезде де, тексеруге дейін де маған «осылай сөйле» деп бұйрық берді. Қорқытып, мәжбүрледі. Сол сөздерді өз еркіммен айтқан жоқпын. Олар мені алдап, тастап кетті. Қазір менде басқа амал жоқ. Анам қатерлі ісікпен ауырып жатыр, жүруге шамасы жоқ, күннен күнге әлсіреп барады. Комиссия шешімін алып, прокуратурадан істі қайта қарауды сұрайын десек, мені қолдайтын анам мен әкем шарасыз болып отыр, – дейді ол.