Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы қаласында қоғамдық көліктерде маска тақпаған жолаушыларды камера анықтайды. Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн режимде жолаушыларды қадағалайтын пилоттық жоба енгізілгенін айтты.
«Қала автобустарына арнайы камераларды орнаттық. Құрылғы адамдардың маска таққан, тақпағанын бақылайды. Камерадағы деректер диспетчерлік пультке түседі. Сол жерден автобус жүргізушісіне хабарлама келеді. Жүргізуші автобусты тоқтатып салондағы жолаушыға маска тағуын немесе автобустан түсуін талап ете алады»,– дейді Сағынтаев.
Автобустардағы жаңа жүйе бірінші күннен-ақ өз тиімділігін көрсетті.
"Ақылды" камералар 3 күннің ішінде автобустардағы арақашықтықтың сақталмағанын анықтады. Жолаушылардың ішінде 52 адам маскасыз болса, 89 адам бетпердені дұрыс тақпаған. Тестілеу жалғасады", - деп жазды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.
Қоғамдық көліктерде іске қосылған камералар жолаушылар санын бақылауға мүмкіндік береді. Сол арқылы қажетті бағыт бойынша көлік саны көбейтілетін болады.