Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Автокөлікпен Парижге дейін: Қазақстандық ерлі-зайыпты 6 баласымен бірге 9 елді аралады
Жаңалықтар

Автокөлікпен Парижге дейін: Қазақстандық ерлі-зайыпты 6 баласымен бірге 9 елді аралады

30.04.2025
1 мин
0
336

Алматылық Серғалым Нәсіпхан жұбайы және алты баласымен бірге автокөлікпен 9 мемлекетті аралап шықты. Оның “Toyota Ipsum” маркалы көлігі 20 мың шақырымнан астам жолды еңсерді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында саяхатшы бұл сапарға қалай бел буғанын, не себепті жолға шыққанын және қанша қаражат жұмсағанын айтып берді.

Сапар барысында Серғалымға жұбайы мен 6 баласы серік болған. Жеті баланың әкесі, қазіргі таңда бір ұлы елордада әскери колледжде оқып жатқандықтан, бұл сапарға қатыса алмаған.

- Балаларымды көлікке отырғызып, Қазақстан ішін аралайтынбыз – Бурабай, Көкшетау, Түркістан сияқты қалаларда болдық. Осылайша, шетелге де шыққымыз келді. Түркиядағы Каппадокияға апарамын деп балаларыма уәде берген едім. Сол арманнан бәрі басталды. Негізгі мақсатым – балаларым әлемді танып, түрлі мәдениеттермен танысса деген тілек. Осы сапарда қызым бізге аудармашы болды, ағылшын тілінің қаншалықты маңызды екенін өзі де сезінді. Сонымен қатар, қазақстандықтарға автокөлікпен де шетелге шығуға болатынын көрсеткім келді. Көлікпен жүргенде қоршаған ортаны толық сезінуге болады, – дейді ол.

Серғалымның айтуынша, ұшақпен барған жағдайда тек белгілі туристік нысандарды көресің, ал көлікпен жүрсең – жол бойындағы өмірді, елдің халқын, мәдениетін тануға мүмкіндік бар.

- Картадан Түркияға дейін 7000 шақырым екенін көріп, әрі қарай Еуропа елдеріне де жол ашық екенін ұқтық. Осылайша, шенген визасын рәсімдеуге өтініш бердік. 3-4 күн ішінде виза дайын болды. Қиындық туындаған жоқ. Үлкен дайындық жасаған жоқпыз. 2024 жылдың 21 желтоқсанында жолға шықтық. Алматыдан Парижге дейін 11 күнде жеттік, – дейді саяхатшы.

Алматыдан Францияға дейінгі бағытта олар алдымен Атырауға барып, одан Ресейдің Астрахань қаласына өткен. Кейін Шешенстан, Дағыстан, Осетия арқылы жүріп, Владикавказда тоқтап түнеген. Грузияға кірген соң, Тбилисиді айналып өтіп, бірден Батумиге жетіп, екі күн сонда демалған. Одан әрі Түркияның Трабзон, Каппадокия, Аланья, Ыстамбұл қалаларын аралап, шекара арқылы Болгария мен Румыниядағы Видинге жеткен. Содан кейін Венгрия мен Австрияны басып өтіп, Германия арқылы Францияға келген.

- Австрияның жолдары өте сапалы екен, ал жылдамдық шектеуі 140 км/сағ болды. Бұл менің көңілімнен шықты. Кешке қарай Францияға жетіп, Эйфель мұнарасын көрдік, қаланы араладық. Бір күн Парижде болып, сол бағытпен кері қайттық. Атырауға жеткен соң Астана арқылы үйге келдік, – дейді ол.

Серғалымның айтуынша, бүкіл сапарға 3 миллион теңгеге жуық қаражат кеткен. Оның 500 мың теңгесі шетелдік төлқұжат пен виза рәсімдеуге жұмсалған. Қонақүйде тоқтаған күндері санаулы болған – Грузия, Түркия мен Болгарияда ғана екі күннен демалған. Қалған уақытта жолда жүрген. Ең көп шығын Франциядағы ақылы жолдар мен қымбат жанармайға кеткен: “Бір литрі – 1100 теңге шамасында”.

Шекарадан өткенде еш қиындық болмағанын айтады – көп жерде отбасымен келе жатқанын көріп, бақылаушылар жылдам өткізген.

Сапар барысында Серғалым мен оның отбасы үшін ең ұнаған ел – Грузия болды. “Адамдары өте қонақжай, тағамдары дәмді, қызмет көрсету сапасы жоғары, бағалар да қолжетімді” дейді ол. Ал Түркия оларды аса қуанта қоймаған – “Бағасы қымбат, турист көп, қызмет көрсету деңгейі төмен”.

Еуропа елдері өз алдына қымбат: асхана да, қонақүй де арзан емес. Саяхат кезінде Серғалым шетелде қазақ тілінде еркін сөйлейтін адамдарды кездестіріп, таңғалғанын да айтады.

- Венгрияда сақтандыру алу үшін дүңгіршекке кірсем, ондағы қыз қазақша сөйледі. Сөйтсем, ол осы елде қазақ тілін оқыған екен. Жолда тағы бір жайт болды – бір жүргізуші жүгіріп келіп, көлігіміздің нөмірін көріп, амандасты. Сөйтсек, Көкшетаудан екен, – дейді ол.

Серғалым Германияны сырттай ұнатқанымен, ауа райының қолайсыздығынан көп аралай алмаған. Келесі сапарында Германия мен Италияға баруды жоспарлап отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл