Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елордада 50-ден астам адам алаяқтықтың жаңа түрінің құрбаны болды. Олар танымал сайтқа өз мәліметтерін жазу арқылы карталарындағы ақшадан айырылған.
Банк карталарынан алынған жалпы сома 2,5 млн теңгені құрады. Мамандардың айтуы бойынша, шағымданған тұрғындар сайт арқылы қолданылған жиһаздарын сатқысы келген. Сайтқа мәлімет толтырғанда картадағы 3 таңбалы санды да жазған.
"Мен балалар арбасын сатқым келіп, сайтқа хабарландыру бердім. Шетелдік нөмірі бар бірнеше азамат бірден қоңырау шалып, ақшаны дәл сол сайт арқылы аударатындарын айтты. Ал сайтта картаның барлық мәліметтерін толтыру және оның ішінде қанша ақша бар екенін көрсету керек болды", – дейді қала тұрғындарының бірі.
Картаның артқы жағындағы 3 санды білген алаяқтар картадағы ақшаны бірден шешіп ала алады.
Елімізде 10 күн ішінде бір ғана Нұр-Сұлтан қаласының өзінде 50-ден астам адамнан шағым түсті. Олар алаяқтықтың арбауына алданып, қомақты қаржыдан айырылған.