| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлан-Батырда өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында қазақстандық үш боксшы финалда жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бокстан Азия чемпионаты аясында Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп жатыр. Финалдық жекпе-жектерде ел намысын қорғаған үш спортшы қарсыластарынан басым түсті.
85 келі салмақта Нұрбек Оралбай өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістіріп, жекпе-жек бойы сенімді өнер көрсетті. Нәтижесінде төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті.
+90 келіде Айбек Оралбай қытайлық Данабек Байкенжемен кездесіп, шешуші сында айқын басымдық танытып, алтын медаль еншіледі.
Ал 75 келіде Сабыржан Аққалықов өзбекстандық Жавохир Абдурахимовпен жұдырықтасып, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.
Осылайша Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншілікте алтын медаль санын көбейтіп, табысты өнер көрсетуді жалғастырып келеді.