Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов елдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін жариялады.
Елімізде алты айдың нәтижесі бойынша жалпы ішкі өнімі 2,9 %-ға төмендесе, тауар өндірісі 2,1 %-ға артқан.
Министрдің айтуынша, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларында өсім байқалады.
Ол өз сөзінде карантин салдарынан бірқатар мекемелердің жұмысы тоқағанын және кәсіпкерлікке әсер еткенін атап өтті. Сондай-ақ шекті бағаларды нақтылып, азық-түлік бағасын қымбаттатуға болмайтынын айтты.
Ал Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев өткен айда азық-түлік бағасының жылдық өсімі 11,3 пайызға жеткенін хабарлады.
"Әсіресе, нан-тоқаш өнімдері мен жарма (13,8%), жеміс-көкөністер (13,4%) бойынша баға өсімінің максималды қарқыны сақталып келеді. Осы орайда ет және ет өнімдері бағасының өсу қарқыны біршама баяулады (12,9%)", - дейді Досаев.
Оның айтуынша, азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсімі 5,4 % деңгейінде сақталып отыр. Шілде айында ақылы қызметтердің бағасы да 3,0 %-дан 3,2 % дейін артты. Ал коммуналдық қызмет тарифтері 0,9 %-ға өсті.