Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Банкроттық рәсімі жайлы заңгер не дейді?
Маман пікірі

Банкроттық рәсімі жайлы заңгер не дейді?

06.04.2023
1 мин
4
3314

Бүгінде елімізде 1 млн астам адам несиесін уақытылы төлемей, қара тізімге ілігуде. Мұндай борышкерлердің банкроттық рәсіміне өтініш берулеріне мүмкіндіктері бар. Осы тақырып төңірегіндегі сауалдарға заңгер Мәулен Спанкулов жауап берді.

Банкроттық дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар?

Банкроттық дегеніміз – мемлекеттің несиесін уақытылы өтей алмай жүрген борышкердің қарызын кешіруі.

Банкроттық рәсімнің 3 түрі бар:

  • соттан тыс банкроттық;
  • сот арқылы банкроттық;
  • төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Соттан тыс банкроттықта сотқа жүгінбей E-gov порталы мен E-salyq Azamat қосымшасы арқылы өтініш жіберіп, 1 айда банкрот боласыз. Ол үшін қарызыңыз 5,5 млн теңгеден аспауы керек. Кредит 12 ай бойы өтелмеген болса, меншігіңізде тіркелген мүлік, оның ішінде ортақ мүлік болмауы міндетті. Сонымен бірге бұл мүмкіндікке 6 ай ішінде несиесін өтей алмай жүрген әлеуметтік көмек алатын азаматтар да ие бола алады. Берешегі 5 жылдан аса өтелмеген азаматтарға да өтініш беруге болады.

Сот арқылы банкроттық рәсімінде сотқа арыз жазып, 6 айдан 1 жылға дейін созылуы мүмкін сот процесінен кейін ғана банкрот деп таныласыз. Ол үшін қарызыңыз 5,5 млн теңгеден асуы керек. Ескерте кететін жайт, бұрын несие алғанда үйіңізді кепілдікке қойған болсаңыз, онда кредитор оны қайтарып алады. Ал керісінше болса, банк баспанаңызды ала алмайды.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Осы арқылы тұрақты табысы жоқ азаматтарға 5 жылға дейін несиені бөліп төлейді. Бірақ бұл рәсімнің артықшылығы азамат банкрот деп танылмайды. Демек, банкрот болған адамдарға қойылатын тиымдар оған қолданылмайды.

Банкроттық рәсіміне қандай құжаттар жіберіледі?

E-gov порталы арқылы өтінім беруде электронды цифрлық қолтаңба болуы, ал SMS-пароль кезінде телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі міндетті. Осы арқылы өтінім расталып, төмендегі құжаттарды қосымша ұсыну қажет:

  • id.mkb.kz сайтынан ағымдағы міндеттемелердің сомасын қамтитын дербес есеп;
  • жеке немесе ортақ меншікте мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;
  • екінші деңгейлі банк немесе микроқаржы ұйымымен қарызды реттеу бойынша әрекет жасалғанын растайтын құжат (электронды өтініштің жіберілгенін, я болмаса, қаржы ұйымының қарызды реттеуден бас тартқанын дәлелдеу).

Банкрот болып танылуға қандай талаптар қойылады?

Банкроттыққа қойылатын негізгі үш талап бар. Бірінші талап бойынша өтініш берушінің несиесі 12 ай көлемінде өтелмеуі және жеке картадан сот орындаушылары ақша ұстамауы керек.

Екіншісі, борышкерлер қарызы бар банктерге немесе микрокредиттік ұйымдарға арыз жазулары тиіс. Онда график қойып беруді, пайызды кешіруді сұрауға болады. Бұл арызды банкроттыққа тіркеп, E-gov немесе сот арқылы өтініш жіберуге болады. Сондықтан банкке жазылған арыздың болуы міндетті. Онсыз банкрот болып танылмайсыз.

Үшінші талап бойынша банкроттыққа өтініш берушінің соңғы 3 жылдың ішінде атында жеке мүліктің (жер, үй, машина) тіркелмеуі көрсетіледі. Яғни, 3 жыл көлемінде мүлікті сатып, оның қаржысын қарызды өтеуге емес, басқа мақсатта қолдануда немесе мүлік жоқ деп көрсетіп, банкроттыққа өтініш берудің қажеті жоқ. Себебі, ол жалған банкроттық деп есептеліп, 200 МРП көлемінде штраф салынуы мүмкін.

Қандай қарыздар кешірілмейді?

  • алимент;
  • адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян бойынша қарыз;
  • қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залалды өтеу;
  • сот шешімі бойынша бюджетке төленетін төлем.

Осы тұрғыдан өзін банкротпын деп жариялағандар банк пен микроқаржы ұйымдарынан 5 жылға дейін қарыз ала алмайды. 7 жылдан кейін банкроттыққа қайта өтініш бере алады. Содан соң бұл азаматтардың қаржылық жағдайына 3 жыл бойына мониторинг жүргізіледі.

Борышкердің атында мүлкі болса, тартып алынады ма?

Атында мүлкі бар банкроттыққа өтініш беруші соттық банкроттық немесе төлем жағдайын қалпына келтіру рәсіміне арыз беруге болады. Оны қалай ажыратамыз? Егер де мүлкіңіздің сомасы қарызыңыздан көп болса, онда төлем қабілетін жақсартуға өтініш беріледі. Ал егер мүліктің құны берешектен аз болса, ол тартып алынып, үстіндегі қарыз кешіріледі.

Банкроттықта қандай шектеулер бар?

Банкрот болған адам бес жыл бойы басқа кредит ала алмайды. Сонымен қатар, үш жыл бойы қаржылық жағдайын бақылауда болады. Ал соттық банкроттық кезінде 6 ай мен 1 жыл аралығында өтетін сот процесі кезінде мемлекеттен шығуға тыйым салынады. Сондай-ақ, айлық табысыңыз түсіп отыратын арнайы шот ашып, оны финанстық басқарушы өз бақылауына алады. Күнкөріске айына 40 000 теңгедей қаражат беріледі.

Айта кетейік, банкроттыққа өтінім 3 наурыздан бастап қабылдануда. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бүгінде 34 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялаған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
С
Санира 07.04.2023
Саламатсызба. Төленбей тұрғанына екі жыл болды. Отказ келді. Просрчен 8 күн деп. Ол қалай?
Жауап беру
Ә
Әлия Рысқалиевна 06.04.2023
Не үшін банкроттық болуымыз керек тек туміңбежим
Жауап беру
Н
Наз 06.04.2023
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін қайда барсақ болат
Жауап беру
Ш
Шаттық 06.04.2023
Төлем қабілетін қайта қалпына келтіру үшін банкке бару керек пе?
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл