Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы
Жаңалықтар

Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы

11.10.2021
1 мин
7
5044

Қазақстанда соңғы бір жылдың ішінде баспана күрт қымбаттап кеткен. Президентке есеп берген бәсекелестікті қорғау агенттігінің басшысы жылжымайтын мүліктің біршама арзандағанын айтты. Дегенмен, Қазақстанның құрылысшылары одағы баспана бағасы тағы 30 процентке көтеріледі деп отыр. Ал Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясы, керісінше, арзандайтынына сенімді.

Федерация одақпен неге келіспейді?

Жақында Қазақстан құрылысшылары одағының президенті Талғат Ерғалиев келесі жылы көктемде баспана бағасы күрт көтерілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезде құрылыс жұмыстары 35-40 процентке, ал құрылыс материалдарының бағасы 60-90 проценке өсіп кеткен. Баспананың бір шаршы метрі болса, 15 процентке ғана көтеріліп отыр.

"Демек, ертең баға тағы өседі. Коммерциялық баспана салатын құрылысшылар бағаны бірден көтере алмайды. Оны біртіндеп өсіреді. Сөйтіп, 2022 жылдың көктеміне қарай баға 20-30 процентке артады деп отырамыз", - дейді Ерғалиев.

Ал Қазақстанның жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсірепов онымен келіспейді. Баспана бағасы, соның ішінде халықтың басым бөлігі алатын үйдің құны, керісінше, 10-15 процентке төмендейді. Оның да өзіндік себептері бар.

"Біздің болжамымыз бойынша баспана бағасы көтерілмейді. Бүгінде халықтың басым бөлігінде үйді сатып алуға ақшасы да жоқ. Ондай жағдайда бағаны тағы көтерудің қажеті қанша?", - деді Мүсірепов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Сарапшы халық табысының төмендеп кеткеніне баса назар аударды. Осының салдарынан сан алуан бағдарлам аясында үйді ипотекаға алған адамдар ай сайынғы төлемді жасай алмай, ақша жағынан қиналып қалуы мүмкін.

"Ал кредитті жабуға жағдай болмаса, үйді сатуға тура келеді. Сөйтіп, бір-екі жыл бұрын сатып алынған үйлердің біразы сатуға шығарылуы мүмкін. Бұның бәрі жылжымайтын мүлік нарығына да әсер етеді, баспана бағасы төмендейді", - деп атап өтті Мүсірепов.

Сұраныс саябырсыды ма

Баспана бағасына зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалану науқаны да әсер етті. Біреулер бұрынғы ипотекасын жапса, енді біреулер тағы қарызға кірді.

"Негізі, бүгінде зейнетақы жинақтарын пайдалану науқаны басылып қалды. Демек, сұраныс төмендеді. Оған қоса, халықтың табысы азайып барады. Бұндай жағдайда баспана бағасының көтерілуі екіталай, керісінше, 15 процентке дейін төмендейтін шығар", - деді Мүсірепов.

Қазақстан риэлторлары одағының вице-президенті Елена Грива жылжымайтын мүлікті сатып алу келісімшарттарының азайғанын растап отыр. Бірақ өткен жылмен салыстырғанда үйді сатып алатындардың саны күрт төмендеген жоқ.

"Иә, зейнетақы жинақтарын пайдалануға рұқсат бергеннен кейін үйді сатып алатындардың саны күрт көбейген. Ақпан, наурыз, сәуір, мамырда белсенділік жоғары болды. Содан кейін тынышталып қалды. Бірақ қаңтар айымен салыстырғанда маусымда да жақсы көрсеткіштер болды", - деді Грива бізге берген сұхбатында.

Осы орайда сарапшы ақшасы бар адамдардың не істеп жатқанын айтты.

"Қазір адамдар девальвациядан қорқады. Содан тапқан табысын ақшамен сақтауға үрейленеді. Сол себепті банктегі салымдарын шығарып, жылжымайтын мүлікке салып жатыр. Мысалы, басқа аймақтарда тұратын адамдар Алматыға келіп, үй сатып алады да, жалға беріп қояды, я болмаса, өздері тұрады. Сондықтан осы адамдардың есебінен сұраныс сақтала береді", - дейді Грива.

Оның ойынша, алдағы уақытта баспана қымбаттамайды, жылжымайтын мүліктің арзандауы да екіталай.

"Қазір үйді сататындар қойған бағасын түсіріп отырған жоқ. Бірақ біз тағы бір жайтты байқадық. Сатушылар бағаны түсірмесе де, саудаласудан қашпайды. Кей кезде 20 процентке дейін түсіріп жатады. Бірақ көп жағдайда 5 проценттен аспайды. Сондықтан алдағы уақытта баспана арзандамаса да, саудаласудың арқасында бағаны түсіруге болады", - деп атап өтті Грива.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
7 Пікір
Д
Дина 13.10.2021
Жеке ойымды айтар болсам бага туспейди. Уйи жоктар карызга батыпта ала беред. Жеке багдарлама ашылса болмайма уй жоктарга первоначальный взноссыз. Алынган уйди барибир толеймиз. Толеалмайса тарытып аладыго сира. Халык ози ушин толейди. Процент Процентти тоже аз кылып берсе
Жауап беру
Л
Лалахан 12.10.2021
Бағаны қадағалау керек! Мемлекет неге осы бир қаланы уй салып кезекті жылжытсағой уйсиз куйсиз жургендер коп
Жауап беру
К
Канат 12.10.2021
Жер уй салыу кымбат калай арзандайды қайранмын
Жауап беру
Ә
Әлия 12.10.2021
Үй бкғасы неге осыншама қымбаттай береді,бүйте берсе қарапайым халық қашан үй алады?үй кезегінде тұрғаныма қанша жыл болды,әлі күнге дейін алған емеспін,жалғыз жалақымен күн көріп келеміз,үйлері барлар үсті-үстіне ала береді ме?
Жауап беру
Ж
Жадыра 12.10.2021
Осы саудаласуды Грива сиз айтпасаныз биз билмейтин едик)))) Кудай-ау САУАТТЫ болсаныздаршы, сумдык кой кайда барады кымбатта, и так карапайым халык озин-ози аркалап келеди, блогерлер биреуге комектесип уй алу керек болса халыктан комек сурайды сойтип уйди халык 100,200 тг лактырып 20/30млн акша бирак кунде жинайды. САУАТСЫЗ БАСШЫЛЫККА СОЗ ЖОК
Жауап беру
Т
Турсынай 12.10.2021
Көтеріледі әрине, өйткені құрылыс материалдары қымбаттап жатыр. Менің күйеуім құрылысшы
Жауап беру
Р
Раушан 12.10.2021
Госпрограммамен үй беріледі ма кезекте тұрғандарға. Жылда қымбаттап жатыр арзан түгі жоқ!
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл