485.95
565.74
6.83
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды
Жаңалықтар

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

29.05.2026
мин
0
90
Сурет: Шәкіртақы иегерлерін марапаттау рәсімінен

Астанада «Білімнің жұлдызы» байқауының жеңімпаздары марапатталды, — деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Астана қаласындағы «TANYM» көпфункционалды орталығында «Білімнің жұлдызы» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. «Dauletten» қайырымдылық қоры жыл сайын ұйымдастыратын жоба аясында биыл республика бойынша 200 студент 100 000 теңге көлемінде бірреттік шәкіртақы иегері атанды. Ал жоба басталғалы бері жалпы саны 900 студентке шәкіртақы тағайындалған. Форум форматында өткен жиынға еліміздің әр өңірінен келген студенттер қатысты.

Шара барысында «Dauletten» қайырымдылық қорының Президенті Жасұлан Бостандықұлы сөз сөйлеп, қордың қызметі мен «Білімнің жұлдызы» байқауының маңызы туралы айтты.

– «Білімнің жұлдызы» — тек шәкіртақы тағайындайтын жоба емес, жастарға қолдау көрсететін үлкен мүмкіндік алаңы. Біздің мақсатымыз — білімге ұмтылған, белсенді студенттерді ынталандырып, олардың дамуына серпін беру. Биыл да еліміздің түкпір-түкпірінен талантты жастар жиналып отыр. Осындай жастардың жетістігі — еліміздің болашағына жасалған инвестиция», — деді Жасұлан Бостандықұлы.

Форумға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев арнайы қатысып, жастарға ізгі тілегін білдірді. 

Сондай-ақ арнайы шақырылған спикерлер — Өркен Кенжебек, Бабур Әділхан және Айгерім Құсайынқызы жастармен кездесіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олар білімнің маңызы, жастардың дамуы, мақсат қою және жеке өсу тақырыптарында сөз сөйлеп, студенттерге өмірлік кеңестер айтты.

Жиынның екінші бөлімінде жеңімпаз студенттерге арнайы марапаттар табысталып, шәкіртақы сертификаттары берілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл