Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 9,00% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады.
Мәліметке сүйенсек, мұнай саласындағы тұрақсыздық пен инфляция деңгейіне байланысты шешім қабылданған. Өткен айдағы көрсеткіш бойынша инфляция деңгейі 7,3%-ті құрады. Бұл көрсеткіш жыл соңына қарай елдегі карантин шаралары мен дезинфекцияның әсеріне байланысты 7,3-7,5% аралығында болады деп күтілуде.
Ұлттық банк базалық мөлшерлемеге қатысты келесі шешімдер елдегі экономикалық ахуалды саралай отыра шығарылатынын хабарлады. Айта кетейік, 11 айдың қорытындысы бойынша, ел экономикасы 2,8%-ке кеміді.