Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында меритократия қағидатының басымдығын атап, билікте "отбасылық жүйеге" орын жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Әділетті, Таза әрі Қуатты мемлекет құру үшін ауқымды реформалар іске асырылып жатқанын айтты.
- Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін нақты реформаларды қолға алдық. Бұл – ауқымды әрі күрделі жұмыс. Бүгінге дейін біраз шаруа атқарылды. Елдегі саяси жүйе толық жаңғырды. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды. Қоғамымыз дамып, азаматтардың сана-сезімі өзгеруде, - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, лауазымдарға тағайындау кезінде тек үміткердің білімі мен кәсіби білігі ескеріледі, ал билікте "отбасылық жүйе" жоқ.
- Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де "отбасылық жүйе" жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі, - деді Президент.
Президент ұстаздар қауымына да ерекше жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Оның сөзінше, нағыз адал азамат мектеп қабырғасында қалыптасады.
- Бірақ өзгерістерді жасау – бір бөлек болса, оны біржола орнықтыру – бір басқа мәселе. Ол үшін, ең алдымен, қоғам санасы түбегейлі жаңғыруы қажет. Осы ретте сіздерге, яғни ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, нағыз "Адал азамат" мектеп қабырғасында қалыптасады.