Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл елордада қанша әлеуметтік тұрғын үй берілетіні айтылды
Жаңалықтар

Биыл елордада қанша әлеуметтік тұрғын үй берілетіні айтылды

09.08.2021
1 мин
2
1001

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында әлеуметтік қолжетімді тұрғын үй құрылысы жайлы мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қала — тірі организм іспеттес, ал ол толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық саланы жетілдіру қажет. Мысалы, тұрғын үй және басқа да нысанды салу кезінде үйлерді жылумен, электрмен және басқа да коммуникациялармен қамтамасыз ету керек, ал жолдар, балабақшалар, мектептер, медициналық мекемелер салу үшін инженерлік желілер жүргізу қажет. Осы тұжырымдамаға сәйкес елорда аудандары орталықтандырылып дамып келеді.

Қаланы аралау кезінде әлеуметтік қолжетімді тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Елорданың барлық ауданында, соның ішінде елді мекендерде жеңілдікпен берілетін баспана салып жатырмыз. 

Бүгін «Отау» шағын ауданына (Алматы ауданы, Метро маңайы) бардым. Онда қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үйлерден тұратын шағын ауданы болады. Бұл шағын ауданда кезекте тұрғандарға (оның ішінде отбасы банкінде кезекте тұрғандар үшін) арналған әлеуметтік пәтерлердің жалпы саны 2 мыңнан асады.

Шағын ауданда балабақша, мектеп салуды, сол сияқты медициналық мекеме, демалыс орындарын, азық-түлік дүкендерін және т.б. қарастыруды тапсырдым.

Сонымен қатар, аумақты абаттандыруға ерекше назар аудару қажет: аула аумақтары, жолдар, канализация, автобус аялдамалары, жарықтандыру. 

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әлеуметтік тұрғын үй санын арттырамыз. Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер салынған болса, биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін жеткіземіз, соңғы 3 жылда әлеуметтік тұрғын үй саны 5 еседен аса артты. 

Сондай-ақ Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы биыл да жалғасады. Бұдан бөлек, тұрғын үй сертификатының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайттық, Қазақстандық тұрғын үй компаниясының (ҚИК) бағдарламасы бойынша қатысушылар санатын кеңейттік», — деп жазды елорда әкімі.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
247
2 Пікір
Ж
Жанар 09.08.2021
Жақсы жаңалық екен, бәріміз баспаналы болайық үйсіз жүрген жандарға бұйыртсын!
Жауап беру
А
Айгуль 09.08.2021
Жақсы жаңалық қуаныштымыз, тұрғын уй сертификатын осы кезде 1,5 миллион ала аламыз ба? әлде қазір 1 миллион ба?
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл