| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда 2 және 5 пайыздық мөлшерлемемен берілетін жеңілдетілген ипотекаға қатысты талаптар жаңарады. Бір бағдарламада үміткерлердің аясы тарылса, екіншісінде отбасы табысына қойылған шектеу алынып тасталады, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда баспананы жеңілдетілген шартпен алуға мүмкіндік беретін ипотекалық бағдарламалар бойынша жаңа талаптар енгізіледі. Өзгерістер 2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап күшіне енеді.
Ең көп назар 2%-дық ипотекаға қатысты өзгеріске аударылып отыр. Бұған дейін тұрғын үй кезегінде тұрған және белгілі бір табыс шегінен аспайтын Қазақстан азаматтары мен қандастардың барлығы осы бағдарламаға үміткер бола алатын.
Енді 2%-дық несие барлық кезекте тұрған азаматтарға бірдей қолжетімді болмайды. Бағдарлама әлеуметтік осал санаттарға басымдық беретін жүйеге көшеді.
2%-дық ипотеканы кімдер ала алады?
Жаңа тәртіп бойынша 2%-дық ипотекаға тұрғын үйге мұқтаж ретінде кезекте тұрған мына азаматтар үміткер бола алады:
Осылайша, бұрынғыдай тұрғын үй кезегінде тұрудың өзі 2%-дық ипотекаға өтініш беруге жеткілікті болмайды. Азамат жоғарыда көрсетілген санаттардың біріне жатуы қажет.
Ал 5%-дық ипотекада керісінше өзгеріс бар
«5-10-20» бағдарламасында жағдай басқаша. Мұнда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың барлығы жеңілдетілген несиеге үміткер бола алады.
Басты өзгеріс – отбасының табысына қойылған шектеудің алынып тасталуы.
Бұрын бағдарламаға қатысу кезінде отбасының кірісі белгіленген деңгейден аспауы тиіс еді. Енді бұл талап болмайды.
Бұл өзгеріс 5%-дық ипотеканың бұрынғыға қарағанда кеңірек азаматтар тобына қолжетімді болуына жол ашуы мүмкін.
Ипотека кезінде қандай табыс есептеледі?
«2-10-20», «5-10-20» және «7-20-25» бағдарламалары бойынша несие рәсімдеу кезінде кезекте тұрған азаматтың және оның отбасы мүшелерінің Қазақстан аумағында еңбек және кәсіпкерлік қызметтен алатын табысы есепке алынады.
Бұрын құжатта кірістердің түрлері егжей-тегжейлі жазылған. Жалақыдан бөлек сыйақы, қосымша төлем, үстемеақы, ынталандыру және өтемақы төлемдері жеке көрсетілген болатын.
Сондай-ақ әлеуметтік және зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік шәкіртақының табыс ретінде есептелмейтіні нақты жазылған еді.
Жаңа редакцияда бұл жеке-жеке түсіндірмелер алынып тасталды.
Өзгерістің астарында не бар?
Бұл өзгерістерге бір ғана «ипотека алу оңайлады» немесе «қиындады» деген баға беру дұрыс емес.
2%-дық бағдарлама бойынша мүмкіндік айтарлықтай тарылды: бұрын тұрғын үй кезегінде тұрған және табыс талаптарына сай келген азаматтардың кең тобы үміткер болса, енді баспана кезегіндегі белгілі бір әлеуметтік санаттарға ғана басымдық беріледі.
Ал 5%-дық ипотекада керісінше мүмкіндік кеңейіп отыр. Отбасының табысына қойылған шектеудің алынуы кезекте тұрған, бірақ бұрын кіріс көлеміне байланысты бағдарламаға қатыса алмаған азаматтарға тиімді болуы мүмкін.