Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Биыл Нұр-Сұлтанда бизнес-идеяларды іске асыруға 500-ден астам грант бөлінді
Бизнесті қолдау

Биыл Нұр-Сұлтанда бизнес-идеяларды іске асыруға 500-ден астам грант бөлінді

30.11.2021
1 мин
4
5534

2021 жылы елордалық 539 бизнес жоба жаңа идеяларды жүзеге асыруға мемлекеттік гранттар алды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, 2021 жылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 541 мемлекеттік грант беру үшін қаражат бөлінген. Оның ішінде 539 жоба мақұлданды.

Естеріңізге сала кетейік, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларына беріледі. Грант өтеусіз және қайтарымсыз негізде 200 еселенген айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде бөлінеді. Биыл оның сомасы 583 400 теңгені құрады.

"Халықты жұмыспен қамту орталығы грант иегерімен шарт жасалған күннен бастап 12 ай ішінде қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес, грант қаражатын мақсатсыз пайдалану фактісі анықталған жағдайда, Халықты жұмыспен қамту орталығы ҚР заңнамасына сәйкес осы қаражатты қайтару бойынша іс - шаралар өткізеді", - деп хабарлады бейінді басқармадан.

Жұмыссыздар да, кәсіпкерлер де (мемлекеттік грантқа өтініш берген сәтте заңды тұлға ретінде тіркелу мерзімі бір жылдан аз уақытты құрайды), өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе бірінші бағыт (қысқа мерзімді кәсіптік оқыту) шеңберінде оқуын аяқтаған адамдар мемлекеттік грантқа үміткер бола алады. Соның ішінде грантты АӘК алатын аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері ала алады.

Айта кету керек, биыл мақұлданған бизнес-жобалардың 50%-дан астамы тігін және тамақ өнеркәсібі салаларына жатады, 40% - қызмет көрсету саласындағы жобалар, шамамен 10% - өндірістік жобалар.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
4 Пікір
С
Сандуғаш 04.04.2022
Мен көп балалы анамын бірак каншама рет бардым ала алмай журмір осы грартты. Президентіміздің каулысы шыкты дейді алайда бермейді. Байзак ауданы
Жауап беру
А
Айтолкын 30.03.2022
Касип ашсам калай алуга болады коп балалы анамын
Жауап беру
Қ
Қожабек 24.03.2022
Діттеген ақшсға жеткенше бала шаға не жейді әлдеде жеңілдету керек. Не бір бизнес идиясы бар адамдар бар бірақ қаражат жоқ күндік напақасын табуды ойлап мына жеңілдік ке басын ауыртпайды.
Жауап беру
Г
Гулдана 30.11.2021
Шымкент қаласында да беріледі мекен или тек Нұрсұлтан қаласы ғана ма
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл