Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде әйелдердің кәсіпкерлігіне байланысты бірнеше бағдарламалар бар. Солардың бірі - «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы («Женщины в бизнесе»). Қазіргі таңда бизнес-ледилерге арналған несиелендіруді үш банк жүзеге асырып отыр: Halyk Bank, БанкЦентрКредит және ForteBank.
1. Әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған Halyk Bank ұсынып отырған бағдарлама арқылы 10 миллион теңгеге дейін несие алуға болады. Несие бойынша сыйақы үстемесі алынған қарыз ұзақтығына байланысты 5,8 %-дан (2 жылға дейінгі мерзім) 7,4 % (9 жылға дейін) аралығында болады. Несиелендіру шарты кәсіп орын басшысы әйел адам болуы керек немесе бірнеше басшысы бар кәсіпорында басшы әйелдердің пайыздық мөлшері 50 % көп болуы тиіс. Несие беруге жылжымайтын мүлік, депозит шоттар немесе сол баяғы DAMU фонды кепілдік бола алады. Банкке қажетті құжаттарды онлайн өткізу мүмкіндігі қарастырылған, ол үшін halykbank.kz сайтына кірсеңіз жеткілікті.
2. Банк ЦентрКредит ұсынып отырған әйелдер кәсіпкерлігіне бағытталған несиелер. Несиенің пайыздық ставкасы 14 %-дан бастап, максималды 900 миллион теңге қаражат алуға рұқсат етілген. Ұзақтығы 60 ай. Несиелендіру шарты кәсіпорын басшысы әйел адам болуы керек немесе бірнеше басшысы бар кәсіпорында басшы әйелдердің пайыздық мөлшері 50 % көп болуы тиіс. Бастапқы жарна - 15-20 %. Сонымен қатар төлем қабілетін растайтын құжаттар талап етіледі.
3. ForteBank ұсынып отырған әйелдер кәсіпкерлігіне бағытталған бағдарлама. Несиенің пайыздық ставкасы 15 %-дан жоғары, 900 миллион теңгеге дейінгі қаражатты 120 айға алуға болады. Несиелендіру шарты кәсіп орын басшысы әйел адам болуы керек немесе бірнеше басшысы бар кәсіпорында басшы әйелдердің пайыздық мөлшері 50 % көп болуы тиіс. Аталған бағдарлама бойынша несие алу үшін басында жазып өткен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасындағы оқудан бастайсыз. Егер де бизнесіңіз болса, бірден несие алуға өтініш қалдырсаңыз болады. Шарттары 15-20% бастапқы жарна және несиені төлей алатыңызды дәлелдейтін құжаттар.
Тағы көру