Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қарағандыда сотталғандарды азаптағаны үшін түрме басшысының орынбасарына үкім шықты. Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот Қарағанды және Ұлытау облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті режим жөніндегі бөлім басшысының орынбасарын сотталғандарды азаптағаны үшін айыпты деп таныды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
- Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған үш жыл бойы мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынды, – деп хабарлады прокуратура.
Сотталған “әділет майоры” арнайы шенінен айырылып, жәбірленушілердің өтемақы қорына тиісті төлемдерді өтеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.