Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары коронавирус эпидемиясы ұзаққа созылатындығын, сондай-ақ адамзат оның салдарын ондаған жылдар бойы тартады деп есептейді.
Өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшысының төрағалығымен комитетте кезекті отырыс өтті.
Ұйым өкілдерінің болжауынша, пандемия әлі де ұзаққа созылады. Сондықтан жергілікті, ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейде эпидемияға қарсы іс-шараларды тоқтатпай, жалғастыру керек.
Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебреисус коронавирус әлі де адамзатқа үлкен қауіп төндіріп тұрғанын атап өтті.
"Пандемия – денсаулық саласындағы ірі және бұрын-соңды болмаған дағдарыс. Ауыр күндер артта қалды деп санаған мемлекеттерде ауру қайта өршіп жатыр. Пандемияның алғашқы апталары жеңіл өткен елдерде қазіргі күні науқастар саны мен өлімі күрт өсуде", - деді ұйым жетекшісі.
Тағы көру