Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Күні кеше Қазақстан құрамасы өз алаңында 3:2 есебімен Дания командасынан басым түсті. Бұл футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысындағы кездесу. Жеңіліске ұшыраған Дания ұлттық құрамасының бас бапкері Каспер Юльманн мен қорғаушысы Йоаким Меле пікірлерін білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бапкердің айтуынша, соңғы 15 минут қолайсыз болған. Ол тактикадан емес, керісінше көңіл күйдің әсерінен орын алған. Сол себепті, құрама өз нәтижелеріне көңілдері толмай, бұл жағдайдың соңғы рет қайталанып отырғанына сенімді.
«Шешуші 15 минутта үш рет гол жіберіп алу деген сұмдық. Алдағы уақытта біз бұдан сабақ алатын боламыз», - деді Йоаким Меле.
Еске салсақ, екі команданың бұған дейінгі төрт мәрте кездесуінде даниялық футболшылар жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы қазақстандық құрама сол кеткен есені қайтарды.
16 маусымда сырт алаңда ұлттық құрама мен Сан-Марино кездеседі.
Бүгін Словения - Сан-Марино, Солтүстік Ирландия – Финляндия құрамалары Н тобында кездеседі.
Фото: dknews.kz