Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Дәулет және оның оқырмандары алты отбасыға баспана сыйлады
Жаңалықтар

Дәулет және оның оқырмандары алты отбасыға баспана сыйлады

22.05.2020
2 мин
8
4113

Дәулет Төлеутайұлы оқырмандарымен кезекті қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, алты күнде алты отбасы үйлі болды. Жиналған қаржы сомасы - 100 миллион теңге. 

Баспананы алғашқылардың бірі болып, Шымкенттегі 8 баласы бар жалғызбасты әке Әдихан аға алды. Дәулеттің оқырмандары баспанаға қажетті соманы небәрі 8 сағаттың ішінде жинаған. 21 мамыр күні көпбалалы әкеге баспананың кілті табысталды.

"Әдихан ағаның оқиғасын оқып, баспана сыйлайық деп, бірден ақша жинауды бастадық. Сөйтіп, бір күнде оған Шымкенттен баспана алып бердік. Үйді түсіріп берген бағасы - 6,5 миллион теңге. Үйге қажетті жиһаз бен керек-жарағын алу үшін тағы 1 миллион теңге бердік", - дейді ол.

Кезекті баспана Семей қаласының тұрғыны – Шалқар Сухатұлына берілді. Ол 6 баланы асырап отырған жалғызбасты әке. Үйге жиналған қаржы 7,5 миллион теңге. Бұл қаражат та оқырмандар арқасында бір күнде жиналған.

Сондай-ақ, Дәулет Төлеутайұлының «Бизнеске бағыт» кітабын алушылар арасында қайырымдылық жасалып, Нұр-Сұлтан қаласының сол жағалауынан бір бөлмелі пәтер 9 баласы бар анаға табысталды.

«Пәтерді Гүлжамила есімді қала тұрғынына сыйладық. Гүлжамиланың 7 баласы бар және бауырының тағдыр тәлкегіне түскен 2 баласын өз қамқорлығына алған. Алайда оның 9 баласымен тұрып жатқан жалдамалы пәтері өртке оранады. Абырой болғанда балалары аман. Осы отбасыға құны 13 миллион тұратын пәтерді алдық. Жаңадан салынып жатқан үй болғандықтан, кілт шілде-тамыз айында табысталады. Бұйырса, алда тағы қоныс той», - дейді Дәулет.

«Жетім көрсең жебей жүр». Дәл осы ұранмен оқырмандар бірлесе отыра екі отбасына көмек қолын созған. Біріншісі, үш баланың анасы Әйгерім ауырып көз жұмса, әкесі Болат суға кеткен. Ал екінші отбасы – үш баланың ата-анасы жол апатынан қайтыс болған екен.

Instagram әлеуметтік желісінде оқырмандарға көпбалалы отбасына көмек беруге ұсыныс жасағанда, хаттар арасында Құралбай мен Пернегүлдің оқиғасы көпшілікті таңқалдырғаны рас. Бұл отбасы бас қаладағы жатақханалардың бірінде бөлме жалдап тұрған. Пернегүл ханым 11-ші балаға аяғы ауыр. 20 мамыр күні бұл отбасына Қоянды елді мекенінен үй табысталды.

Ал Мақтаарал ауданына көмек қолын созу үшін жиналған 24,3 миллион теңгеге Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтетін түлектерге ноутбук табысталады. Салтанатты табыстау рәсімі 22 мамыр күні Мырзакент кентінде өтеді. 

Назерке БАЙЖАН

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
8 Пікір
Б
Бигуль 01.06.2020
Алла буйырып жатса барар едим.Ауылды сағынып журмин.
Жауап беру
Г
Гулниса 01.06.2020
Саламатсизба Дәулет менде ауылға барып тұңғым келеді.Сиырда сауып білем ауылдан шыккан қызбын баспанамыз жоқ.Үйленгенімізге 8 жыл болды бір ұл,бір қызым бар үиде отирамын балаларға қарайтын адам жоқ. Жұмыс жасағанға баспана болса ауылда тұруга малға қарап білемін сиыр сауып білемін.
Жауап беру
M
Mакпал. 31.05.2020
Мен калада турам. Ана жылы 21мын аулеметтик комек алганда. Ешкилер алгам. Енди жайылым жок болып ешкилериме киын болып жатыр. 4балашагам бар. Малга карай карау керек екенин билем. Асыл тұқымды ешкилер алгым келеди. Бизгеде уй алып бериниздерши
Жауап беру
30.05.2020
Салеметсизбе қалыныз қалай біз Нұрсұлтан қаласында тұрамыз ия бәріміз ауылды жерден шыққанбыз ауылға барып тұруға болады баспана болса біздің 2 баламыз бар мен үйде отырамын баламен ал жолдасым жұмыс істейді Иншалла қарнымыз тоқ деніміз сау тек бол арманыз баспаналы болу ол жағына тырысып та жатырмыз Сарсенкулова Амангул Жаңабергенқызы Нұрсұлтан қаласы 87082426532
Жауап беру
Б
Баян 24.05.2020
Жалұызбасты аналарга да комек берсе окиметтен ешкандай комек алмайтындарга
Жауап беру
Р
Рахия. 24.05.2020
Номер жазуды ұмытыппын.8778 001 9470
Жауап беру
Р
Рахия. 24.05.2020
Ауылға көшуге қуана келісер едік.НУР СУЛТАН қаласынан Алла берген 5 баламыз бар.Шүкір пәтерде жүрсек те шағымымыз жоқ.Бірақ өз үйіміз болса екен.
Жауап беру
л
лаура 24.05.2020
мен 2баланын анасымын жолдасым екеумиз ауылдык жерге балдармен кошуге ниет блдиремиз.сизбен жеке солессек деп едик.87760045070 ауылдык жерге кошкесин жоспарымыз коп болсек деп едим
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл