Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Депутат Дәулет Мұқаев FlyArystan әуе компаниясына наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Д.Мұқаев әлеуметтік желіде әуе компаниялардың бірінің қызметі мен бағасына қатысты наразылығын білдірді.
- Еліміздегі мүлде ұяты жоқ әуе компаниялардың бірі – flyarystan! Кешегі бір бөлек жыр. Қош, оған да етіміз үйренді. Аман-есен жетсек екен дейтін болдық… Ал бағаларды бұлар шынымен де аспаннан алады! Билет бағасынан бөлек, орын таңдауың қосымша ақша, қол жүгің 5 келіден 500 грамм асса бітті, тағы да ақша. Билет аларда аты-жөніңде 1 әріпке қате кетсе, оны түзеу үшін ақша төлеу керек. Ішіне отырып, қара су ішкіңіз келсе ол да ақша. Бір байқағаным, бұлардың мәзір дизайны ауысқан сайын, бағаны да өсіре береді екен. Әр отырғанда суретке түсіріп алатыным бар еді. Суретті жылжытып, бағаны салыстырайық:
• Наурыз айында 800 теңге тұрған сникерс, m&m, твикс қазір неге 1500 теңге болып кетті? Өсім шамамен 90%!
• 500 теңге тұрған шай бағасы неге 40%-ға өсіп кеткен?!
• "Роллтон" картоп езбесі 700 еді, өткен аптада 1000 теңге болды. Өсім 42%!
• "Нарын" кеспесі наурыз айында 1500 теңге, қарашада - 2000 теңге. Өсім 33%!
• "Piko" шырыны өткен айда 600 теңге еді. Желтоқсан айында - 1000 теңге. Өсім - 65%! Осындай мысалдар толып жатыр! Антимонополиялық комитет қайда қарап отыр?! Барсыңдар ма, өзі? Баға қашанға дейін өсе береді, - деп депутат әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
Тағы көру