Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Ел азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қандай жобалар жүзеге асырылып жатыр?
Жаңалықтар

Ел азаматтарының құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қандай жобалар жүзеге асырылып жатыр?

05.01.2024
1 мин
0
524
Фото: «Әділдік жолы» РҚБ

«Әділдік жолы» РҚБ еліміздің барлық өңірлерінде заң бұзушылықтарды алдын алып, қазақстандықтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Заң үстемдігі» жобасын іске қосты, деп хабарлайды Dauletten.kz. 

Жобаның негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық көріністеріне төзбеушілік ортасын қалыптастыру және де осы процесске елазаматтарын жаппай тарту.

Бұл жоба Мемлекет басшысы атап өткен «Адал азамат» тұжырымдамасын жүзеге асыру мен қоғамдағы Заң және құқықтық тәртіп үстемдігін қалыптастырудағы нақты қадамдардың бірі болмақ.

«Біз құқық бұзушылық жасау, пара беру немесе әлсізге қолын көтеру туралы ойдың өзін айыптайтын қоғамға айналуымыз керек. Бұл қиын жұмыс, бірақ бұл жолды еңсеруіміз қажет. «Әділдік жолы» командасы 2 жыл бойы белсенді жұмыс істеп, қоғамда құқықтық сауаттылық бойынша олқылықтар бар екеніне көз жеткізді. Осы уақыт аралығында adildik.kz сайты мен 1463 байланыс орталығына түскен 8 мыңға жуық азаматтың өтінішін қарастыра келе, халықтың Заң мен Ереже туралы білімдерін арттыру арқылы көп мәселелерді қылмысқа апармай шешуге болатынына сенімдіміз», - деп атап өтті «Әділдік жолы» Басқарушы директоры Дидар Смағұлов.

Атап айтқанда, «Әділдік жолы» бірлестігінің жұмысының арқасында 1206 тұлға түрлі заң бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл төлеп, 800 млн. теңгеден астам қаражат бюджетке қайтарылып, 76 қылмыстық іс қозғалған.

«Заң үстемдігі» жобасына ҚР кез келген азаматы қатыса алады. Әрбір тұрғын сыбайлас жемқорлық фактілері  (кез келген саладағы)  мен басқа да мәселелерін 1463 Call-орталығы немесе adildik.kz сайты арқылы хабарлап, өз сауалдары бойынша құқықтық кеңестер мен көмек ала алады.

«Еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын барлық азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді атсалысуға шақырамыз. Әділетті Қазақстанды бізге ешкім дайын күйде алақанымызға салып бермейді: оны өзіміз құрамыз!» – деді Дидар Смағұлов.

Анықтама үшін: «Әділдік жолы» РҚБ 2020 жылдың қарашасында құрылған. Мемлекеттік сатып алу мониторингі аясында 15,1 млрд. теңгеге бағаны көтеру және заңнаманы бұзу бойынша 1000-ға жуық фактілер анықталған. Осы және өзге де фактілер бойынша 300-ден астам мемлекеттік орган басшылары мен басқа да тұлғаларға жалпы сомасы 264 миллион теңге айыппұл салынды. Заңды тұлғаларды қосқанда 626 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, ұйғарым шығарылды. Құқықтық кеңес беру және сыбайлас жемқорлық фактілерін анықтау мақсатында 900-ден астам ауылға сапарлар ұйымдастырылды.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл