Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында америкалық Джессика Пегуламен ойнады, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсекеде ол 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды.
Sports.kz мәліметінше, бірінші сетте Елена Рыбакина тай-брейкте қарсыласынан басым түскен болатын. Жаңбырға байланысты үзілістен кейін матч қайта жалғасты.
Екінші сетте Д.Пегула брейк жасап, 3:1 есебімен алға кетті. Дегенмен Елена таразы басын теңестіріп қана қоймай, өзі алға шықты. Есеп – 5:4. Ақыры матчқа доп бергенде, ол өз мүмкіндігін жіберген жоқ. Есеп – 6:4.
Бір сағат 52 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық теннисші 11 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың алтауын пайдаланды. Қарсыласы 1 эйс, 5 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина енді финалға әлемнің 12-ракеткасы, чехиялық Петра Квитова немесе рейтингте 74-сатыдағы румыниялық Сорана Кырстяның біреуімен таласады.
Фото: meta-ratings.kz