Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстанда микрокредиттер бойынша сыйақының шекті мәнін өзгерту жоспарланып отыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулының жобасын көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Dauletten.kz.
Құжаттың жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
Онымен ұлттық банктің микрокредит бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы қаулысына өзгеріс енгізу қарастырылған. Оған сәйкес, 45 күнге берілген микрокредит бойынша сыйақының шекті мәні күніне 0,8 пайыздан аспайды. Сыйақының мөлшері де көрсетілген.
Олар:
Бұдан бөлек, 45 күнге алынған кепілзаты бар микрокредиттің сыйақысы 20 проценттен аспауы шарт. Ал ұзартылған жағдайда сыйақының шекті мәні күніне 0,8 пайыздан артық болмауы қажет.
Қаулының жобасы 28 сәуірге дейін қоғамдық талқылаудан өтеді.
фото: diapazon.kz