Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде несие алу тәртібіне өзгеріс енгізілді
Жаңалықтар

Елімізде несие алу тәртібіне өзгеріс енгізілді

11.06.2021
1 мин
16
14244

Елімізде шағын несие беру ұйымдарының азаматтарға қарыз беру тәртібі өзгерді. Енді бұл қаржылық мекемелер азаматтар жайлы толық мәліметті тексермей, несие рәсімдей алмайды. Бұл туралы Dauletten.kz 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, соңғы жылдары мыңнан аса азаматтың атынан онлайн түрде басқа адамдардың несие алғаны анықталды. Нәтижесінде, бір жыл аралығында мыңнан аса адам өзіне несие рәсімделгенін білмеген. Алаяқтардың жолын кесу мақсатында енді шағын несие беру ұйымдарынан қарыз алу тәртібі өзгерді.

Біріншіден, азамат несие алар алдында ЭЦҚ арқылы жеке мәліметтерді көрсетеді. Кезекті қадам - түр-сұлбаңызды биометриялық идентификаттаудан өткізу керек. Онлайн несиені рәсімдеу барысында байланыс нөміріне келген SMS код арқылы да растауға болады. Десек те, бұл жағдайда да қаржы ұйымы тарапынан биометриялық идентификаттау талабы қойылып отыр.

«Еліміздегі шағын несие ұйымдарына Ұлттық банктің арнайы сервистік жүйесі арқылы азаматтарды тексеру, жеке деректерін өтінімде көрсетілген мәліметтермен салыстыру, клиенттің нақты биометриялық деректерінің жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген деректерге сәйкес болуын қамтамасыз ету міндеттеледі”, – деді Қазақстан микроқаржы ұйымдары қауымдастығының басшысы Ербол Омарханов.

Табыс көзі төмен, несие тарихы нашар азаматтар микроқаржы ұйымдарынан немесе онлайн несиені жоғары пайызбен алуға мәжбүр. Бүгінде елімізде мыңнан аса осындай ұйым заңды түрде жұмыс істейді.

“Азаматтар лицензиясы жоқ ұйымдарға алданбас үшін несиенің пайыздық мөлшерлемесіне назар аудару керек. Мысалы, шағын несие беретін ұйымнан ұзақ уақытқа, яғни бірнеше жылға қарыз алсаңыз, онда оның жылдық пайызы 56%-тен жоғары болмауы керек. Ал онлайн несие алу барысында займның жылдық сыйақы мөлшерлемесі оның 30%-тен аспауы керек. Егер басқа адам сіздің атыңыздан несие алғанын білсеңіз, жергілікті полиция және қаржы нарығын реттеу агенттігіне шағым жазыңыз. Мұндай жағдайда ол қарызды ұйым кешіреді”, – деді ол. 

 

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
16 Пікір
У
Улбосын 04.11.2022
Бул онлайн несие жабылама маған көмегіңіз керек Даулет аға жауап беріңізші
Жауап беру
Ш
Шолпан 11.06.2021
Ол алған адам жақсы танысың болса ше? Қойшы ұят болмасын де арқалап жүрміз ғой
Жауап беру
13.06.2021
Жаксы танысыныз артыныздан тыгылып алганда уялмаса сиз не уялу керексиз
Жауап беру
Л
Ләззат 03.07.2021
Дұрыс айтасыз
Жауап беру
T
Tolqyn 11.06.2021
Өте дұрыс болған екен. Аса мұқтаждық (баспана, ем-дом ғана) болмаса, несиеге жақындамаған жөн.
Жауап беру
Б
Бақыткүл 11.06.2021
Дұрыс болған екен. Менің де атымнан кредит алған тенго және көке kz.
Жауап беру
М
Мариям 11.06.2021
Дұрыс , айтылған . Толық қосыламын .
Жауап беру
М
Мариям 11.06.2021
Дұрыс , айтылған . Толық қосыламын .
Жауап беру
З
Замира 11.06.2021
Неге микро кредит данный былми турсада береберет меныде атымнан тенго.кз тен 50000т алган казыр шотым бугатта тур тыпты каспиголдта колдана алмай калдымгой. Не маскараааа
Жауап беру
Г
ГҮЛСІМ 11.06.2021
ДҰРЫС ШЕШІМ ДЕП ОЙЛАЙМЫН. СЕБЕБІ ҚАНШАМА ХАЛЫҚТЫ АЛДАУ АРБАУ АРҚЫЛЫ НЕСИЕГЕ БАТЫРЫП КЕТКЕНДЕР САНЫ КӨБЕЙІП КЕТТІ.
Жауап беру
А
Алия 11.06.2021
Кредит и кеширсе,болмаса арзандау пайызбен берсе болар еди,,жагдайыныз типти киындап Кетти.
Жауап беру
А
Айман 11.06.2021
Жалпы кредитті кешірсе екен. Жағдайымыз тіпті қиындап кетті
Жауап беру
Ә
Әсем 11.06.2021
Наконец - то додумались, а то қаншама адам бостан бос төледі өздері алмаған акшаны
Жауап беру
С
Сауле 11.06.2021
Сәлеметсіздер мен? Менің туған әпкемнің атынан біреулер солай кредит алған Каспий банктен! Солай әлі қара тізімнен шыға алмай, голдтта аштырып алмай жүр! Оны ол төлейтін десе тұрақты да жұмысы жоқ! Өз алмаған соң да адам қалай төлейді, керегіне жаратып жатса ол жағы түсінікті болар еді
Жауап беру
К
Кымбат 11.06.2021
Каспий банкке бармайма данный тексерет қой. Менің ағамнын атынан алған сөйтіп. Удостоверение сің жоғалтып алған да біреу тауып алып кредит алып алған. Уд. Жоғалған болса сразу заявление жазу керек
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл