Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жезқазғанда бірқатар ұрлық жасаған күдіктілер ұсталды, – деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жезқазған қаласы полиция басқармасының қызметкерлері қала аумағында жасалған бірқатар ұрлықты әшкереледі.
Жедел-іздестіру шаралары барысында 63 және 59 жастағы Жезқазған қаласының екі тұрғыны – ағайындылар анықталып, ұсталды. Тергеу барысында олардың биылғы жылдың тамыз бен қазан айлары аралығында дүкендерден, сұлулық салондарынан және тұрғын үйлерден ақша, телефон, банк карталары мен бағалы заттарды ұрлағандары белгілі болды.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы материалдық шығын 1,5 миллион теңгеден асты.
Криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде күдіктілер анықталып, екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция азаматтарды жеке мүліктеріне ұқыпты қарап, бағалы заттарын қараусыз қалдырмауға шақырады.