Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде қарашадан бастап ет бағасы қымбаттайды
Жаңалықтар

Елімізде қарашадан бастап ет бағасы қымбаттайды

13.10.2021
1 мин
1
1024

Елімізде ет бағасы тағы қымбаттайтынын саудагерлер болжады, деп хабарлайды Dauletten.kz  “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Олардың болжамы бойынша қарашада ет бағасы тағы қымбаттайтынын болады. Азық-түлік бағасы да шарықтап тұр. Үкіметте бұл мәселе бірнеше рет көтерілгенімен, әлі шешімін таппады. 

“Осы екі айдың көлемінде еттің бағасы өсті. Қазір қаыпты бағаны ұстап тұр. Бірақ ертең, қараша айында ауылды жерде еттің азаюына байланысты тағы қымбаттайды бізде. Қазір біз 2200-2100-ден араластырып қабырға-төспен бірге сатамыз. Жем-шөптің қымбаттауына байланысты бұның барлығы өзгереді”,  – дейді сатушы Зәбира Төреханқызы.

Бағаның шарықтағанына тұрғындар алаңдаулы. Айлығымыз шайлығымызға жетпейді, дейді. Базардағы сатушылар да тауардың едәуір жоғары бағада келіп жатқанын жеткізді. 

“Көкөніс бағасының 8,7%-ға және жеміс бағасының 2,4%-ға маусымдық төмендеуіне қарамастан, жоғарыда аталған факторлардың қысымымен Қазақстанда инфляция 8,9%-ға жетіп, жылдамдауын жалғастырды”, – дейді Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев.

Досаев бұл мәселені шешудің жолдарын ұсынды. 

“Күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасы Нұр-Сұлтан қаласы мен Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында айтарлықтай көтерілген.  Ұлттың банк төрағасы бұған тек ішкі ғана емес сыртқы факторлардың әсері бар. Оны шешудің бірнеше жолдарын қарастырып жатырмыз. Біріншісі - елдегі нарықты реттеу. Екіншісі - импортқа тәуелділікті төмендету керек. Ал Қазақстанға жеткізілетін тауардың жартысы Ресейден келеді. Үкіметтің бағаны тұрақтандыру шаралары да нәтиже берер емес”, – дейді ол.

Теңгенің тұрақсыздығы, ауылшаруашылығы өнімдерінің қымбаттауы инфляциялық қысымды арттырады және басқа да тауарларға әсер етеді.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
1 Пікір
Н
Нурила 13.10.2021
Айтатындарыңыз қымбаттау болдығой қайда барып тоқтайды екен.
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл