Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстан қоқыстан энергия өндіреді - парламентте заң жобасы қаралып жатыр
Жаңалықтар

Қазақстан қоқыстан энергия өндіреді - парламентте заң жобасы қаралып жатыр

21.06.2020
1 мин
0
686

Мәжіліс қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату мәселелері туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Dauletten.kz Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Заң жобасының мақсаты – қатты тұрмыстық қалдықтарды өртеу жолымен қайта өңдеп, кейіннен электр энергиясын алу үшін құқықтық база құру. Құжатқа мәжіліс депутаттары бастамашылық етті.

Мәжілісмен Құралай Қаракеннің айтуынша, өртеуге қайта өңдеуге жатпайтын қалдықтардың бір бөлігі ғана жататын болады.

"Жыл сайын елімізде шамамен 5 миллион тонна қалдық пайда болады. Олардың тек 15 пайызы қайта өңделеді. Қазір осы міндетті іске асыру үшін бүкіл әлемде қоқыс жағатын кешендер жұмыс істейді. Бұл қалдықтарды көму көлемін азайтудың тиімді тетігі болып табылады. Бізде де оны кейін электр энергиясын өндіру арқылы термиялық өңдеумен шешуге болады", - деді депутат.

Айтуынша, мұндай тәсіл республикадағы полигондардың саны мен алаңын қысқартып қана қоймай, қоқысты жағудан экологиялық және экономикалық нәтиже алуға мүмкіндік береді.

Заң жобасымен бірқатар заңға түзету енгізу ұсынылып отыр.

"Олар электр энергиясын алу үшін қалдықтарды жағу процестерін қолдау тетігін құруға бағытталған. Жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша есеп айырысу қаржы орталығы 15 жыл ішінде қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату нысандары өндірген электр энергиясын кепілді сатып алатын болады", - деді мәжілісмен.

Қоқыс жағатын зауыттардың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту үшін зиянды заттарды шектеу, оларды мониторингілеу және бақылау бөлігінде еуропалық стандрттарға баламалы қоқыс жағатын зауыттарды пайдалануға қойылатын талаптарды белгілеу ұсынылады.

Сонымен қатар, заң жобасында қоқыс жағатын зауыттар өндіретін электр энергиясын сатып алуға шекті аукциондық бағаны белгілеу бойынша өкілетті органның құзыреті көзделген. Бұдан бөлек, өртеуге жатпайтын қалдықтар тізбесі бекітіледі.

Сондай-ақ, заң жобасында өкілетті органның аукционға қатысуға үміткерлерді алдын ала іріктеу жөніндегі нормалар көзделеді.

Айтуынша, қазір елімізде жұмыс істейтін зауыттар қоқысты тек сұрыптап, қайта өңдесе, жаңа зауыттар өңдеуден қалған қалдықтарды өртеп, одан энергия алады. Бүгін мұндай технология Қазақстанда жоқ. Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл