Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама кейінге қалдырылды
Баспанаға бағыт

Елімізде жаңа ипотекалық бағдарлама кейінге қалдырылды

10.12.2022
2 мин
0
1040

Мемлекет азаматтарға екінші деңгейдегі банктердің пайыздық мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жоспарлаған жаңа ипотека 2023 жылдың екінші тоқсанына ауыстырылды, деп хабарлайды Dauletten.kz ақпараттық сайты Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәлімдеуінше, бюджеттік өтінімді қаржы министрлігі қабылдамады.

“2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеуге субсидиялар беру үшін қаржы министрлігіне 24,5 миллиард теңге сомасына бюджеттік өтінім жіберілді”, – деп мәлімдеді министрлік.

Алайда қаржы министрлігі өтінімді қолдамады. Ол 2023 жылы республикалық бюджетті нақтылау кезінде қайта тапсырылады. Егер өтінімге қолдау көрсетілсе, субсидиялау жөніндегі тетікті іске қосу 2023 жылдың екінші тоқсанында жоспарланады.

"Жаңа ипотека" деп аталатын ипотеканы субсидиялау тетігі осы жылдың көктемінде 12%-дық төмендетілген мөлшерлемемен орта тапқа арналған бағдарлама ретінде таныстырылды.

Ипотеканың алғышарттары:

Несиелеу мерзімі – 20 жылға дейін.
Бастапқы жарна – тұрғын үй құнының кемінде 20%-ы.
Мақсаты - "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы"АҚ кепілдігімен қамтамасыз етілген бастапқы немесе салынып жатқан тұрғын үйді сатып алу.

Қарыздың ең жоғары сомасы:

Астана мен Алматыда – 35 миллион теңгеге дейін;
Ақтау, Атырау, Шымкент – 25 миллион теңгеге дейін;
Қарағанды – 20 миллион теңгеге дейін;
басқа өңірлерде –15 миллион теңгеге дейін.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
300
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл