Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Еліміздегі ғылым саласында нендей өзгеріс бар?
Жаңалықтар

Еліміздегі ғылым саласында нендей өзгеріс бар?

13.12.2023
1 мин
0
652
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Елімізде бизнестің ғылымға деген қызығушылығы өте төмен. Бұл сала әлі күнге дейін экономиканың басты драйверлерінің біріне айналған жоқ. ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмет-Заки Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осы мәселені көтеріп, ғалымдарды қолдау шараларына тоқталып өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Дархан Ахмед-Закидің айтуынша, ғылымды қаржыландыру кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. 2022-жылы заңға енгізілген өзгерістер іс жүзінде іске асырылған. Іргелі зерттеулерді іске асыру үшін ғылыми институттарға қаржы бөлінді. Базалық қаржыландыруға жетекші болып, ғалымдардың еңбегіне ақы төлеу де енгізілді. Атап кетерлігі, жүргізілген шаралар негізінде ғалымдардың жалақысы екі есеге өсіп, 250 мың теңгеге дейін жетті.

«Осы жылы 28 наурызда ҚР Жоғары білім және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Біз бұл құжатта білім сапасы бойынша негізгі міндеттерді айқындадық. Мұнда ғалымдар санын көбейту, ғылыми эко-жүйені нығайту, ғылымның экономикаға үлесін арттыру, университеттік білімді нығайту және ғылымды басқаруды жетілдіру және тағы басқа тетіктер қамтылған», – деді спикер.

Сондай-ақ саланы қолдау үшін Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің аппеляциялық институты бекітілді. Ал, Ұлттық ғылым академиясының рөлін нығайту және оған мемелекеттік мәртебе беру үшін ғылым туралы заңға бірқатар өзгеріс енгізілді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл