Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада шомылуға тыйым салынған учаскелер аталды
Жаңалықтар

Елордада шомылуға тыйым салынған учаскелер аталды

23.06.2022
1 мин
0
2061

Нұр-Сұлтанда су айдындарының 21 учаскесінде шомылуға тыйым салынған. Бұл туралы онлайн брифингіде қалалық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Ратбек Демеуберген айтты.

Астанада шомылуға тыйым салынған 21 учаске бар. Олардың қатарында – Шұбар, Газмашаппаратура және Тельман тұрғын алабындағы, Триатлон паркі, Депутаттық қалашық маңындағы Есіл өзені, сондай-ақ Қарасу өзені, Ақбұлақ өзені, Нұра-Есіл арнасы және тағы басқасы бар.

Суға түсуге рұқсат етілген 3 учаске: «Орталық қалалық жағажай», «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аймақтары.

Сондай-ақ қазір Ш.Бейсекова көпірі жанындағы орналасқан коммуналдық жағажайға қатысты әкімдік қаулысына толықтыру енгізу жұмысы басталды.

Суға шомылу маусымы басталғалы құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Алайда мамандар ұсынысына құлақ аспай, белгіленбеген жерде шомылу азаяр емес. 

«Атқарылған жұмыстарға қарамастан, бүгінге дейін елорданың су айдындарында 3 адам суға кетті, оның үшеуі де – бала. Былтыр осы аралықта 2 адам суға кетіп, көз жұмды, оның ішінде біреуі – бала. Қаза болу фактілері суға шомылуға тыйым салынған және арнайы жабдықталмаған су айдыны аумағында тіркелген. 2022 жылы 4 адам құтқарылды. Алайда серуендеуге шыққандар құтқару қызметкерлерінің ескертуін елемей, оларға дауыс көтеріп, намысын таптайтындар, сол сияқты тыйым салу белгілері мен стендтерді бұзатындар бар», - деді Ратбек Демеуберген.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл