Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордада жеңілдікпен берілетін баспана саны артады
Жаңалықтар

Елордада жеңілдікпен берілетін баспана саны артады

09.06.2021
1 мин
6
4058

Елорда әкімі Алтай Көлгінов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында қаладағы тұрғын үй құрылысының қарқыны, сондай-ақ жеңілдікпен берілетін тұрғын үйлер санының артуы туралы айтып берді.

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй кезегінде 48 мыңнан астам адам тұр. Былтыр шаһарда 3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Оның 80% – жеке инвестиция. Биыл бұл көрсеткішті 3,2 млн-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

«Мемлекет басшысының қолжетімді тұрғын үй санын, құрылыс көлемін үш есеге арттыру туралы тапсырмасы болды. Өткен жылы біз бұл үдеден шыға білдік. Мысалы, жеңілдікпен берілетін пәтер алушылар санатын кеңейттік. Енді әлеуметтік пәтерлерге тек медицина қызметкерлері мен мұғалімдер ғана емес, әлеуметтік саланың басқа да өкілдері, өрт сөндірушілер, мәдениет және спорт қызметкерлері, полиция қызметкерлері де қатыса алады. Ал тұрғын үй сертификаттарының сомасын 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін арттырдық. Жастарға келетін болсақ, Елбасының бастамасымен елордада «жұмыс істейтін жастарға арналған жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы екі жылдан бері жүргізіліп келеді», - дейді әкім.

Нұр-Сұлтанда 2019 жылы 2900 әлеуметтік пәтер берілсе, 2020 жылы 7 мыңнан аса пәтер табыс етілді. Ал биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
6 Пікір
Р
Роза 21.06.2021
Дәулет мырза керемет пайдалы кеңес беріп отырасыз
Жауап беру
Ш
Шамшахар 09.06.2021
Неге Елордадан басқа қалада жеңідікпен үй берілмейді.Қызылорда да неге жоқ?а
Жауап беру
Ж
Жазира 09.06.2021
Неге тек Нұрсұлтан да,Алматыда кашан
Жауап беру
Г
Гулзада 09.06.2021
Қызылорда да жастарға үй берілсе жақсы болар еді
Жауап беру
П
Перизат 09.06.2021
Шымкент каласынан да берілсе жақсы болар еді. 2013ж очередтемін. Менен кейін 2015ж тұрғандар алып қойды.
Жауап беру
Р
Рауза 09.06.2021
Жақсы жаңалық әрине, бірақ неге сол тізім әлі де сол қалпында, көп балалылар санатында әлі 2006 жылдан тұрған аналар бар, сонда қалай болғаны?!
Жауап беру
                                                                    
Тағы көру
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл