| Товарные рынки | ||
| BID | ASK | |
| Brent | 0.00 | 0.00 |
| Лайт | 0.00 | 0.00 |
Жаңа оқу жылы қарсаңында Қазақстан мектептерінде мұғалімдерге гүл мен сыйлық тарту мәселесіне қатысты талап айтылды. Оқу-ағарту министрлігі бұл ереженің бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына да қатысты екенін ескертті, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстан мектептерінде жаңа оқу жылының басталуына байланысты мұғалімдерге гүл немесе сыйлық тарту ұсынылмайды. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова мәлімдеді.
Оның айтуынша, министрлік аталған талаптарды түсіндіру үшін жергілікті атқарушы органдарға арнайы хат жолдаған.
- Біз бұл талаптарды нақты белгіледік. Мектеп аумағында мұғалімдерге гүл сыйлауға немесе қандай да бір сыйлық сатып алуға жол берілмейді. Осыған байланысты тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Шынар Ақпарова ОКҚ алаңындағы брифингте.
Вице-министр бұл талап әсіресе биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайтын балалардың ата-аналары үшін маңызды екенін атап өтті.
- Бірінші сыныпқа барған балалардың ата-аналарына да мұғалімдерге сыйлық немесе гүл беру қажеттілігі жоқ. Біз бұл тәжірибеден бас тартуымыз керек, – деді ол.
Министрлік өкілінің сөзінше, жаңа оқу жылының алғашқы күндеріндегі шаралар да сыйлық тартуға бағытталмайды. Білім беру ұйымдарында дәстүрлі сынып сағаттары ұйымдастырылып, басты назар оқушылардың оқу жылына бейімделуі мен тәрбие жұмыстарына аударылады.
Яғни ата-аналардан мұғалімдерге гүл немесе сыйлық дайындау талап етілмейді. Жаңа оқу жылы әдеттегі форматта басталады.