Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Елордалықтар Наурыз мерекесін қалай атап өтеді?
Жаңалықтар

Елордалықтар Наурыз мерекесін қалай атап өтеді?

15.03.2023
мин
2
758

Елордада Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 100-ден астам түрлі форматтағы іс-шара өткізіледі. Қала тұрғындары мен қонақтары концерттерге, мерекелік бағдарламаларға, көрмелерге, қойылымдарға, ұлттық спорт түрлері бойынша спорт жарыстарына, мерекелік іс-шараларға және т.б. қатыса алады, – деп хабарлайды Dauletten.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

16 наурыз күні сағат 16:00-де «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні Наурыз!» іс-шарасын өткізеді.

16-17 наурыз күндері қаланың білім беру ұйымдарында оқушыларға арнап арнайы тақырыптағы көрмелер, кітапханалар мен мұражайларда конференциялар, сондай-ақ ардагер ұстаздармен кездесулер, театрландырылған қойылымдар, конкурстар дайындалады.

«Өркен» оқу орталығында «Наурыз тойы басталды» ұлттық ойын түрлерінен турнир өтеді.

16 наурыз күні сағат 19:00-де «Жастар» сарайы «Наурыз мейрамы құтты болсын!», ал 17 наурыз күні кешкі сағат 19:30-да «Наурыз – думан» мерекелік бағдарламасы өтеді.

16-28 наурыз аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін Сәкен Сейфуллин мұражайында «Қош келдің – әз-Наурыз» атты мерекелік көрме өтеді.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-да 17 наурыз күні факультеттер арасында мерекелік концерт пен дастархан жаю бойынша конкурс өткізіледі.

Елорданың Қуыршақтар театрында 17-31 наурыз аралығында жас көрермендер үшін «Наурыз – думан» қуыршақ шоуы ұйымдастырылады.

17 наурызда Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда «Палитра созвучий» концертіне шақырады, онда Камералық хор Гамбург әйелдер хорымен (Германия) бірлесіп, арнайы әзірленген бағдарламаны ұсынады.

20 наурыз күні сағат 19:00-де осы сахнада мәдениет саласындағы «Наурыз ұлттық сыйлығы» іс-шарасы өтіп, ұлттық сыйлығы табысталады. Сол күні әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайы «Қара жорға» би флешмобын және «Наурыз – думан» челлендж күйлерін дайындап отыр.

21 наурыз күні кешкі сағат 18:00-де Музыкалық жас көрермен театры «Жаздың соңы» премьералық қойылымын ұсынады. Ал 22 наурызда дәл осы сахнада «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы, ал 23 наурызда – «Гауһартас» музыкалық-драмалық қойылымының премьерасы көрсетіледі.

21 наурыз күні сағат 19:00-де «Қазақстан» ОКЗ-да «Әнім сен едің» концерті өтеді. Сахнада еліміздің жетекші солистері, жас әрі талантты орындаушылар, заманауи эстраданың танымал жұлдыздары қазақтың белгілі композиторы Шәмші Қалдаяқовтың әндерін орындайды.

21-23 наурыз аралығында ЭКСПО халықаралық көрме орталығының аумағында «Наурыз базары» Шығыс жәрмеңкесі өтеді. Шығыс жәрмеңке этностильдегі киімдердің, зергерлік бұйымдардың, керамика, металл, киіз және жібектен жасалған заттардың, кәдесыйлардың жаңа топтамаларын ұсынады. Қала тұрғындары үшін еліміздің әр өңірінен шаруа қожалықтары мен тауар өндірушілердің жаңа өнімдері ең тиімді бағада қолжетімді болады. Нағыз гурмандарды шығыс тағамдары фестивалі күтеді. Жәрмеңке күн сайын жұмыс істейді: 21 наурыз сағат 13.00-ден 18.00-ге дейін, 22 және 23 наурыз күндері сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін.

21 наурыз күні сағат 13:00-де ЭКСПО аумағындағы Nur Alem сферасының жанындағы ашық алаңда «Наурыз мейрамы» көшпелі өркениет фестивалі ашылады. Ол сондай-ақ 22 және 23 наурызда сағат 11.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Фестиваль аясында мерекеге орай елорда тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді.

фото: zakon.kz

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
2 Пікір
Д
Дана 15.03.2023
Бәрі тегін болады ма
Жауап беру
М
Мақсат 16.03.2023
Тегін сияқты
Жауап беру
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл