Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Соңғы қоңырау: ішкі істер министрлігі әрбір мектепке жауапты полицияны бекітті
Жаңалықтар

Соңғы қоңырау: ішкі істер министрлігі әрбір мектепке жауапты полицияны бекітті

20.05.2024
1 мин
0
1167
Фото: lada.kz

Ішкі істер министрлігі оқу жылының аяқталуына байланысты түлектер мен олардың ата-аналарына үндеу жасады, деп хабарлайды Dauletten.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

25 мамырда еліміздің барлық мектебінде оқу жылының аяқталуына арналған сынып сағаттары өтеді. Салтанатты іс-шаралар барысында полиция органдары қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараны қабылдайды, деп атап өтті ІІМ. 

«Ішкі істер министрінің тапсырмасымен әрбір оқу орнына жауапты полиция қызметкері бекітілді. Патрульдік нарядтар шара өтетін орындарға барынша жақын болады. Соңғы жылдар байқағанымыз, мектептерде «соңғы қоңырау» аяқталғаннан кейін ата-аналардың рұқсатымен көптеген түлек іс-шараларды өз бетінше жалғастырады. Өкінішке қарай, жасөспірімдердің көлік тізгіндеуі қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады», - деп ескертті ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев. 

Мәселен, былтыр мұндай фактілер Жамбыл, Атырау облыстары мен Алматы қаласында тіркелді. 

Одан бөлек, балалар тыйым салынған жерлерде суға түседі. Өткен жылы Ақмола, Маңғыстау және Атырау облыстарында жасөспірімдер суға кеткен болатын. 

Ішкі істер министрлігі осыны ескеріп, ата-аналар мен түлектерді қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды. 

«Құқықбұзушылықтар анықталған жағдайда дереу 102-ге, ал төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласуды сұраймыз», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл