441.77
502.38
5.23
Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстанда дәрі-дәрмектің бағасы төмендейді: 3 800-ден астам препарат арзандаған
Жаңалықтар

Қазақстанда дәрі-дәрмектің бағасы төмендейді: 3 800-ден астам препарат арзандаған

28.09.2026
мин
0
120
Сурет: ortcom.kz

Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтика нарығындағы бағаны реттеудің жаңа тәсілдерін енгізді. Соның нәтижесінде елдегі дәрілік заттардың басым бөлігінің шекті бағасы төмендеп, баға белгілеу жүйесі ашық әрі ақпараттық тұрғыдан қатаң бақылауға алынды, — деп хабарлайды Dauletten.kz.

Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу жүйесіне енгізілген өзгерістер оң нәтиже бере бастады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жаңа әдістеме арқылы реттелетін фармацевтикалық өнімдердің басым бөлігінің құны едәуір арзандаған.

Салыстырмалы талдау көрсеткендей, бекітілген шекті бағалар бойынша дәрі-дәрмектің 3 801 сауда атауының (жалпы тізімнің 76%-ы) құны орта есеппен 26,5%-ға азайды. Сонымен қатар 947 препараттың бағасы бұрынғы деңгейде сақталып, нарыққа 246 жаңа позиция енгізілді.

Бұл оң динамика бөлшек және көтерме саудаға да ықпал етті: 2 055 препарат бойынша бекітілген жаңа бағалар 16%-ға төмендеп, тең жартысында өзгеріссіз қалды. Оған қоса, тізімге 169 жаңа атау қосылды.

Өзгерістер тегін медициналық көмек (ТМККК) мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйелері арқылы үлестірілетін дәрілерді де қамтыды:

 Сауда атаулары бойынша: 1 397 препараттың (47,8%) бағасы орташа есеппен 22,45%-ға арзандады.

 Халықаралық патенттелмеген атаулары бойынша: 453 позицияның (40,5%) шекті бағасы қайта қаралып, 25,3%-ға төмендеді.

Фармация комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіповтің айтуынша, бұл жетістікке баға белгілеу механизін кешенді түрде жаңарту арқылы қол жеткізілді. Енді өндірушілер ұсынған зауыттық құн кедендік декларация, инвойс және келісімшарттар сияқты ресми құжаттармен толық дәлелденуі тиіс.

Сонымен бірге, бағаны бекіту кезінде референттік 10 елдің (Әзербайжан, Беларусь, Болгария, Венгрия, Қырғызстан, Польша, Ресей, Словения, Түркия, Өзбекстан) нарығындағы ең төменгі үш бағаның орташа мәні негізге алынады. Бұл жүйе дәрі-дәрмектің шынайы нарықтық құнын объективті түрде айқындауға мүмкіндік береді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл