Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Ербол Мырзабосынов самбодан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтіп жатқан спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионатының жарыс күндерін тамашалап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттады.
Қазақстандық спортшылар бүгін тағы да жанкүйерлерін қуантты. 64 келіде сынға түскен Есентай Иманханов Өзбекстанның Сардор Олимжоновын финалда жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ал Гүлдана Әлмұханбетова (54 кг) мен Еламан Қойшыбаев (88 кг) күміс медальға ие болды. Еламан Қойшыбаев 2023 жылғы әлем чемпионатында да күміс жүлде иеленген еді.
Елімізде екінші рет ұйымдастырылып жатқан әлем чемпионатына 80 елден 470 спортшы қатысуда. Қазақстан құрамасынан 28 спортшы ел намысын қорғап жатыр. Чемпионат 10 қарашаға дейін жалғасады, және 31 медаль жиынтығы сарапқа салынады.