Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Любляна қаласында Словенияға есе жіберіп, Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Ойында алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Еске сала кетсек, Ұлттық құрама сапында жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев, Бахтиёр Зайнутдинов ойнаған жоқ.
Құраманың бас жаттықтырушысы Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Вороговский, Әліп, Марочкин, Малый, Быстров, Оразов, Қуат, Бейсебеков, Чесноков пен Самородовты алаңға шығарды.
Словениялық футболшылардың басымдығы алғашқы минуттардан-ақ байқалып тұрды. Десе де оған қазақстандық құрама лайықты қарсылық көрсете білді.
Қазақстан құрамасының Еуропа чемпионатына шығуға тағы бір мүмкіндігі бар. Ұлттар лигасы арқылы тағы бір жолдамаға таласатын болады. Келесі ойын 2024 жылдың наурыз айында Грекиямен болады.