Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Фермерлердің атынан субсидия алып келген азамат әшкере болды
Жаңалықтар

Фермерлердің атынан субсидия алып келген азамат әшкере болды

15.05.2023
1 мин
0
544

Фермерлердің атынан субсидия алып келген адамдар тобы әшкереленіп, қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі(ҚМА) мәлімдеді, деп хабарлайды Dauletten.kz.

ҚМА Жамбыл облысы бойынша департаменті шаруа қожалықтарының реквизиттері мен құжаттарын пайдалана отырып, тауарды жеткізбей, жұмыстар мен қызметтерді орындамастан шот-фактуралар жазып беріп келген бірқатар тұлғаға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

«Жалған шот-фактуралар субсидияланатын таңқурай түрлерін жеткізуге жазылып келген. Кейін шаруа қожалықтарын ескертпестен олардың атынан субсидия алуға электронды өтінім берілген.

Тексерулер нәтижесінде фермерлерде таңқурай егіс алқаптары жоқ болып шықты. Аталған тұлғалар мемлекеттен 800 млн теңгеден астам сомаға субсидия алған.

Алаяқтық фактілері бойынша 4 қылмыстық іс тіркелді

ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген ұсынылған хабарламада.

Ескертіліп өткендей, Конституцияның 77-бабына және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабына сәйкес, сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін күдікті кінәсіз болып есептеледі.

Фото: Lada.kz

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл