Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Қазақстандық лоукостер FlyArystan Атыраудан Мысыр елінің ең танымал курорттарының бірі – Шарм-эль-Шейхке чартерлік рейстерді жалғастыруда, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жазғы навигация аясында (30 наурыздан 26 қазанға дейін) рейстердің жиілігі артады:
• 30 наурыз бен 3 мамыр аралығында – аптасына бір рет, сәрсенбі күндері;
• 3 мамырдан 2 маусымға дейін – аптасына екі рет, сәрсенбі және сенбі күндері;
• 2 маусымнан 25 тамызға дейін – аптасына үш рет, дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері.
Аталған бағыттағы чартерлік рейстер FUN&SUN жетекші туристік операторымен бірлесіп ұйымдастырылған.
Шарм-эль-Шейх туристер арасында жылы климатымен, құмды жағажайларымен және таңғажайып су асты әлемімен танымал. Қазақстан азаматтары үшін бұл бағытта жеңілдетілген визалық режим қарастырылған. Қазақстандықтар Шарм-эль-Шейхте 13 түнге дейін визасыз саяхаттай алады.
Әуебилетінің құнына 5 кг қолжүгі, 20 кг жолжүгі және борттағы ыстық тамақ кіреді. Әуебилеттері мен турларды брондау бойынша жолаушылар өз қалаларындағы туристік агенттіктерге хабарласа алады.