Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын жарыс жолынан шығарды
Жаңалықтар

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпиондарын жарыс жолынан шығарды

26.09.2024
1 мин
0
923
Сурет:https://t.me/tv_24KZ/27515

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында келесі кезеңге жолдама алды. Ойыншыларымыз Ташкентте 1/8 кезеңде Португалия құрамасын 2:1 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Екі елдің ойыншылары осыған дейін екі рет кездескен. Біздің ұлттық құрама қос ойында да қарсыластарына жол берген еді. Бұл жолы Қазақстан құрамасы сенсация жасады. Есеп: 2-1. Жеңіс Қазақстан құрамасында.

Ойын барысында алғашқы 10-минутта қазақстандық Шыңғыс Есенаманов есеп ашса, оған португалиялық Зикки екінші раундта гол соғып, есепті теңестірді. Ойынның соңғы секундтарында Дәурен Тұрсағұлов жеңіс голын соғып, елге тарихи жеңіс сыйлады. Осылайша футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының ширек финалына өтті.

Айта кетейік, бұл жорықта ел құрамасы бұған дейін Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларымен ойнады. Енді ширек финалда Қазақстан құрамасы Аргентина мен Хорватия арасындағы жеңімпаз құрамамен кездеседі.

Ойыншыларымызға жеңіс тілейміз! Қазақстан, алға!

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл