Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Әкімдік гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау 18 тамызға дейін ұзартылы. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының инстаграм парақшасында жазылды.
Хабарламада жалпы грантқа түспеген үміткерлер, бұл мүмкіндікті пайдаланып, тегін білім ала алатындығы жайлы жазылған.
Жаңа оқу жылына 2 540 әкімдік гранты бөлінді. Сондай-ақ конкурсқа грантқа түспеген барлық талапкер қатыса алады.
Құжаттар ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы қабылданады.
Конкурсқа құжат тапсырар алдында талапкер 4 жоғары оқу орнын және 4 білім бағдарламасын таңдауға мүмкіндігі бар. Бірақ олар бір облыста болуы керек.
Грант ұтып алған жағдайда білім бағдарламасы аяқталған соң, сол өңірде жұмыс істеу керек. Қосымша ақпаратты әкімдіктердің ресми сайтынан білуге болады.
Тағы көру