Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов карантиннен кейін бірінші жұмысын бастайтын кәсіпорындардың тізімін айтты.
Оның айтуынша, қазіргі таңда елімізде 15 провизорлық стационар жабылған.
"Нәтиже жақсы, десе де бұл жетістікті әрі қарай жетілдіру керек. Президент тапсырмасына орай, премьер-министрдің төрағалығымен өткен мемлекеттік комиссия карантин шараларын екі аптаға ұзартуға шешім қабылдады", - деді Тоғжанов.
Ал алдағы екі апта кәсіпкерлік субъектілердің күшейтілген дайындық жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
"Олардың ішіне ойын-сауық орталықтары, сауда үйі, сауда желілері, азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар, сұлулық салондары, балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, үйірмелер, мектепке дейінгі топтар режиміндегі балабақшалар бар", - деді Тоғжанов.
Ол карантиннен кейін жұмысын жалғастыратын әр нысанның санитарлық талаптары ескеріліп, нақты шаралар ұсынылатындығын айтты.